https://sputnik.kz/20250613/dmitriy-balandin-lauazymdy-qyzmetke-tagayyndaldy-54635892.html
Дмитрий Баландин лауазымды қызметке тағайындалды
Дмитрий Баландин лауазымды қызметке тағайындалды
Sputnik Қазақстан
Конференция қатысушылары Баландиннің кандидатурасын бірауыздан қолдады 13.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-13T18:02+0500
2025-06-13T18:02+0500
2025-06-13T18:02+0500
дмитрий баландин
жүзу
https://sputnik.kz/img/07/74/077481_0:56:4303:2476_1920x0_80_0_0_c7619bef510a22532335624b5d584900.jpg
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Қазақстанның су спорты түрлері федерациясының кезектен тыс конференциясы барысында ұйымның бас хатшысы қызметіне жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин тағайындалды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.Сергей Дроздовтың бас хатшы ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқаны туралы мәлімдемесінен кейін конференция қатысушылары Баландиннің кандидатурасын бірауыздан қолдады.Дмитрий Баландин – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, Азия ойындары мен халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы. 2021 жылдан бастап ол жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасында жаттықтырушы және кеңесші ретінде жұмыс істеп келеді.
https://sputnik.kz/20250402/meditsinalyq-saqtandyru-qorynyn-basshysy-tagayyndaldy-52152024.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07/74/077481_464:0:3840:2532_1920x0_80_0_0_ac9e629e51523bf03c42374244225b87.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дмитрий баландин, жүзу
Дмитрий Баландин лауазымды қызметке тағайындалды
Конференция қатысушылары Баландиннің кандидатурасын бірауыздан қолдады
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Қазақстанның су спорты түрлері федерациясының кезектен тыс конференциясы барысында ұйымның бас хатшысы қызметіне жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин тағайындалды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.
Сергей Дроздовтың бас хатшы ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқаны туралы мәлімдемесінен кейін конференция қатысушылары Баландиннің кандидатурасын бірауыздан қолдады.
"Дмитрий Баландиннің тағайындалуы – оның спорттағы орасан зор жетістіктерінің мойындалуы ғана емес, сонымен қатар федерацияны жаңғырту мен институционалдық тұрғыдан нығайтудың маңызды қадамы. Біз оның кәсібилігі мен беделі еліміздегі су спорты түрлерінің дамуына үлкен үлес қосады деп сенеміз", – деді федерация президенті Нұрлан Жақыпов.
Дмитрий Баландин – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, Азия ойындары мен халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы. 2021 жылдан бастап ол жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасында жаттықтырушы және кеңесші ретінде жұмыс істеп келеді.