Медициналық сақтандыру қорының басшысы тағайындалды

© Sputnik / Владислав ВодневМедицинское страхование
Медицинское страхование - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2025
Жазылу
Айдын Құлсейітов 2017 жылдан бастап ҚР президентінің әкімшілігінде бірқатар басшылық қызмет атқарған
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Айдын Құлсейітов медициналық сақтандыру қорының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Жаңа басшыны ұжымға денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова таныстырды.
Айдын Құлсейітов Өскеменде дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін "Инженер-экономист" мамандығы бойынша және ҚР президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын "Мемлекеттік қызмет менеджері" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын басқарушы лауазымдарға дейін жеке салада бастаған. Содан кейін Мемлекеттік қызметке ауысты. Индустрия және сауда министрлігінде, энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде жұмыс істеді, "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ, "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" АҚ басқарма төрағасы болды.
2017 жылдан бастап ҚР президентінің әкімшілігінде бірқатар басшылық қызмет атқарды. Атап айтқанда ҚР президенті әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығын басқарды. Президент әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі, Президент әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің басшысы, Президент әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі болды.
Гамма-нож - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2025
Медициналық сақтандыру халықтың қанша ақшасын үнемдейді
Жаңалықтар
0