Алматы облысында жеңіл көлік аялдамаға соғылды: екі адам қаза тапты

© Photo : пресс-служба МВД КазахстанаАлматы облысында жеңіл көлік аялдамаға соғылды: екі адам қаза тапты
Алматы облысында жеңіл көлік аялдамаға соғылды: екі адам қаза тапты - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2025
Жазылу
Тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді
АСТАНА, 13 маусым - Sputnik. Алматы облысына қарасты Өтеген батыр ауылында жеңіл көлік аялдамаға соқтығысқан. Жан түршігерлік жол апатының суреті мен видео әлеуметтік желіде тарады.
Өтеген батыр ауылының Жансүгіров көшесімен келе жатқан BMW-323 жүргізушісі рөлді басқара алмай, автобус аялдамасына соғылды. Жол - көлік оқиғасы салдарынан жолаушылардың бірі сол жерде қаза тапты. Ал жүргізуші аурухананың реанимация бөлімінде қайтыс болды.

"Көлікте үш адам болған. Екі адам қаза болып, тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді облыстық полиция.

Оралда жедел жәрдем көлігі жол апатына түсті: 4 адам зардап шекті   - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2025
Оралда жедел жәрдем көлігі жол апатына түсті: 4 адам зардап шекті
Жаңалықтар
0