Оралда жедел жәрдем көлігі жол апатына түсті: 4 адам зардап шекті

© Sputnik / Владислав ВодневОралда жедел жәрдем көлігі жол апатына түсті: 4 адам зардап шекті
Оралда жедел жәрдем көлігі жол апатына түсті: 4 адам зардап шекті   - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2025
Жазылу
Жедел жәрдем көлігі Hyundai accent автокөлігімен соқтығысты
АЛМАТЫ, 9 маусым – Sputnik. Оралда жедел жәрдем көлігі жол апатына түсіп, төрт адам зардап шекті. Біреуі – жасөспірім, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті.
Жедел жәрдем көлігі Hyundai accent автокөлігімен соқтығысқан. Жеңіл автокөлік бағдаршамның жүруге тыйым салынған сигналынан өтіп кеткен.

"Жол апаты салдарынан 13 жастағы қыз, 28 жастағы жолаушы мен екі фельдшер зардап шекті. Зардап шеккен төрт адам да ауруханаға жеткізілді", - дейді ведомство.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Жедел жәрдем көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2025
Жедел жәрдем жол апатына түсті – дәрігерлер науқастың неден қайтыс болғанын түсіндірді
Жаңалықтар
0