https://sputnik.kz/20250604/zhedel-zhardem-zhol-apatyna-tusti--darigerler-nauqastyn-neden-qaytys-bolganyn-tusindirdi-54261233.html
Жедел жәрдем жол апатына түсті – дәрігерлер науқастың неден қайтыс болғанын түсіндірді
Жедел жәрдем жол апатына түсті – дәрігерлер науқастың неден қайтыс болғанын түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Ресми мәліметке сәйкес, сол күні қант диабетімен ауыратын 87 жастағы зейнеткер әйелдің жағдайы күрт нашарлаған 04.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-04T10:37+0500
2025-06-04T10:37+0500
2025-06-04T10:37+0500
жедел жәрдем
полиция
https://sputnik.kz/img/07e9/03/0c/51540504_0:132:1280:853_1920x0_80_0_0_cb9e837f1e73a3e94507e60c8d8a0dcf.jpg
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем көлігінде болған науқастың жол апатынан кейін неден қайтыс болғанына тсінік берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.2 маусымда Текелі қаласында жедел жәрдем көлігі жол апатына түскен болатын.Ресми мәліметке сәйкес, сол күні қант диабетімен ауыратын 87 жастағы зейнеткер әйелдің жағдайы күрт нашарлаған. Жедел жәрдем мамандары оны аса ауыр жағдайда алып кетті. Ал ауруханаға бара жатқан жолда дәрігерлердің көлігі жол апатына түсті. Оқиға орнына шұғыл қосымша жедел жәрдем бригадалары барған. Зардап шеккендерге дер кезінде медициналық көмек көрсетілді.Ал жедел жәрдем мамандары орташа дәрежедегі жарақат алған. Біреуі медициналық көмектен кейін үйіне жіберілді.Қазіргі кезде полиция жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады.
https://sputnik.kz/20250525/53941760.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/0c/51540504_89:0:1226:853_1920x0_80_0_0_e9966ff0c30383eb235082265e37d3c1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жедел жәрдем, полиция
Жедел жәрдем жол апатына түсті – дәрігерлер науқастың неден қайтыс болғанын түсіндірді
Ресми мәліметке сәйкес, сол күні қант диабетімен ауыратын 87 жастағы зейнеткер әйелдің жағдайы күрт нашарлаған
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем көлігінде болған науқастың жол апатынан кейін неден қайтыс болғанына тсінік берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
2 маусымда Текелі қаласында жедел жәрдем көлігі жол апатына түскен болатын.
Ресми мәліметке сәйкес, сол күні қант диабетімен ауыратын 87 жастағы зейнеткер әйелдің жағдайы күрт нашарлаған. Жедел жәрдем мамандары оны аса ауыр жағдайда алып кетті. Ал ауруханаға бара жатқан жолда дәрігерлердің көлігі жол апатына түсті. Оқиға орнына шұғыл қосымша жедел жәрдем бригадалары барған. Зардап шеккендерге дер кезінде медициналық көмек көрсетілді.
"Барлығы қалалық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген. Ал 1938 жылғы пациент әйел аса ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер тарапынан қолға алынған шараларға қарамастан, сағат 22:40-да биологиялық өлім тіркелді. Осы орайда оның жол апатында алған жарақаттардан емес, негізгі созылмалы ауруының салдарынан қайтыс болғанын айту керек", - делінген ресми хабарламада.
Ал жедел жәрдем мамандары орташа дәрежедегі жарақат алған. Біреуі медициналық көмектен кейін үйіне жіберілді.
Қазіргі кезде полиция жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады.