Аптап ыстыққа шыдамады: "Астана – Павлодар" тас жолында жол жабыны көтеріліп кеткен
10:41 13.06.2025 (жаңартылды: 11:14 13.06.2025)
Жазылу
Жолшылар көтерілген бетонды алып, оның астындағы негізді қайтадан тегістеп жатыр
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Желіде "Астана – Павлодар" тас жолында түсірілген видео тарады. Онда тас жолдың жол жабыны көтеріліп кеткені көрсетілген.
"ҚазАвтоЖол" бұған ауа температурасының +35°C дейін күрт көтерілуі себеп болғанын алға тартты.
"Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы" республикалық маңызы бар Іб санатындағы автожолының 1265-шақырымында ауа температурасының күрт көтерілуі салдарынан цементбетон жабынының плиталары көтеріліп кеткен. Қазіргі уақытта жолшылар қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін уақытша жол белгілерін орнатты. Учаскеде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр", - дейді ҚазАвтоЖол.
Жол учаскесінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Жолшылар көтерілген бетонды алып, оның астындағы негізді қайтадан тегістеп жатыр.
Қысқа уақыттың ішінде жол жабынын қалыпқа келтіріп, қозғалыс қайтадан жаңартылмақ.
Видео: kazakbala53
@sputnik_aitady
Қысқа уақыттың ішінде жол жабынын қалыпқа келтіріп, қозғалыс қайтадан жаңартылмақ.
Видео: kazakbala53
@sputnik_aitady
