Ажырап кеткен тіркеме жол апатына себеп болды: 4 адам көз жұмды

© Photo : Телеграм-канал kris_p_almaty_officialАжырап кеткен тіркеме жол апатына себеп болды
Ажырап кеткен тіркеме жол апатына себеп болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2025
Жазылу
Облыстық полиция тергеу жүргізіп, сараптама жасап жатыр
АСТАНА, 29 мамыр - Sputnik. Алматы облысы Жамбыл ауданында қайғылы жол апатынан 4 адам қайтыс болды, біреуі 13 жастағы жасөспірім, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға 28 мамырда "Алматы - Бішкек" күре жолында болған.
"Камаз-53212" маркалы жүк автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі көліктің тіркемесін ағытып жіберген. Тіркеме қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, "Gelly" көлігіне соғылған. Бұл көліктің рөлінде 24 жастағы жүргізуші отырған. Соқтығыстан "Gelly" көлігі "Kia Sporteg" маркалы автокөлігімен соқтығысады. Бұл көлікте 45 жастағы жүргізуші басқарған.
Оқиға салдарынан "Gelly" көлігіндегім жүргізуші мен осы көлікте отырған 45 жастағы әйел және 13 жастағы жасөспірім қыз оқиға орнында қайтыс болды. Жол апатынан қайтыс болған 4-ші адамның кім екені анықталып жатыр. Қайтыс болғандар осы аудан маңының тұрғындары.
Облыстық полиция тергеу жүргізіп, сараптама жасап жатыр.
Абай облысында жүргізуші жол апатынан көз жұмды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2025
Абай облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Жаңалықтар
0