https://sputnik.kz/20250612/qazaqstanda-starlink-sputniktik-interneti-iske-qosylady-54576205.html
Қазақстанда Starlink спутниктік интернеті іске қосылады
Қазақстанда Starlink спутниктік интернеті іске қосылады
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта техникалық және ұйымдастырушылық мәселелері бойынша келісім жүріп жатыр 12.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-12T11:07+0500
2025-06-12T11:07+0500
2025-06-12T11:08+0500
интернет
https://sputnik.kz/img/07e9/06/0c/54574908_84:251:917:720_1920x0_80_0_0_cb6c938962468e6ecfd4181b55e5ddf2.jpg
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Starlink компаниясы (SpaceX-тің еншілес құрылымы) спутниктік интернет қызметін Қазақстан аумағында ресми іске қосу туралы келісімге қол қойды. Құжат компанияның еліміздің ақпараттық қауіпсіздік және байланыс саласындағы заңнамасын толық сақтай отырып жұмыс істеуін көздейді.Starlink спутниктік терминалдарын ресми түрде сату 2025 жылдың үшінші тоқсанында басталады деп жоспарланған.Жоғары жылдамдықты интернетке Starlink арқылы қосылу ауылдық мектептер, медициналық мекемелер, мобильді топтар мен инфрақұрылым нысандарына сапалы байланысқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе талшықты-оптикалық желілерді экономикалық немесе техникалық тұрғыдан тартуға қиындық тудыратын өңірлерде өзекті болып отыр.Starlink спутниктік интернетіне қосылу арнайы пайдаланушы құрылғылары арқылы іске асады. Қазіргі уақытта жеке пайдаланушыларға қызмет көрсету тәртібін қоса алғанда, техникалық және ұйымдастырушылық мәселелерді келісу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
https://sputnik.kz/20250609/3000-nan-astam-auyl-zhogary-zhyldamdyqty-internetke-qosylady--54437016.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/0c/54574908_143:169:878:720_1920x0_80_0_0_f80139dfa511073931088e76e5e72643.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
интернет
Қазақстанда Starlink спутниктік интернеті іске қосылады
11:07 12.06.2025 (жаңартылды: 11:08 12.06.2025) Қазіргі уақытта техникалық және ұйымдастырушылық мәселелері бойынша келісім жүріп жатыр
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Starlink компаниясы (SpaceX-тің еншілес құрылымы) спутниктік интернет қызметін Қазақстан аумағында ресми іске қосу туралы келісімге қол қойды.
Құжат компанияның еліміздің ақпараттық қауіпсіздік және байланыс саласындағы заңнамасын толық сақтай отырып жұмыс істеуін көздейді.
Starlink спутниктік терминалдарын ресми түрде сату 2025 жылдың үшінші тоқсанында басталады деп жоспарланған.
"Жобаны іске асыру – елдің шалғай өңірлерін жоғары жылдамдықтағы спутниктік интернетпен қамтамасыз етуде маңызды қадам болмақ. Бұл цифрлық байланыс мүмкіндіктерін кеңейтіп, телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға тың серпін береді", - дейді министрлік.
Жоғары жылдамдықты интернетке Starlink арқылы қосылу ауылдық мектептер, медициналық мекемелер, мобильді топтар мен инфрақұрылым нысандарына сапалы байланысқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе талшықты-оптикалық желілерді экономикалық немесе техникалық тұрғыдан тартуға қиындық тудыратын өңірлерде өзекті болып отыр.
"Жайылымдар, таулы ауылдар мен шалғайдағы кәсіпорындар сияқты қолжетімділігі күрделі аймақтар да бар. Ондағы тұрғындар да сапалы интернетке қол жеткізуі тиіс. Бүгінге дейін Starlink елімізде тек мектептерге интернет ұсынып, пилоттық режимде жұмыс істеп келді. Ал халық үшін ол ресми түрде қолжетімсіз еді. Енді біз келісімге келдік, компания ақпараттық қауіпсіздік пен байланыс саласындағы ұлттық заңнама талаптарына сай жұмыс істейтін болады", — деді министр Жаслан Мадиев.
Starlink спутниктік интернетіне қосылу арнайы пайдаланушы құрылғылары арқылы іске асады. Қазіргі уақытта жеке пайдаланушыларға қызмет көрсету тәртібін қоса алғанда, техникалық және ұйымдастырушылық мәселелерді келісу жұмыстары жүргізіліп жатыр.