3000-нан астам ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылады

© Photo : Пресс-служба МЦРИАП 3000-нан астам ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылады
3000-нан астам ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2025
Жазылу
2027 жылдың соңына қарай ауылдардың 99%-ін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мүмкін болады
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Қазақстанның 3000-нан астам ауылы жоғары жылдамдықты интернетке қосылады.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен "Қазақтелеком" 3000-нан астам ауылды интернетке қосу туралы инвестициялық келісім жасасты.
"Мәміленің арқасында талшықты-оптикалық байланыс желісін салу жобасы жоспардан бұрын – 2026 жылдың соңына дейін аяқталады. Ал шалғай аудандардағы байланыс 2027 жылдың соңына дейін жерсеріктік байланыс арналарымен қамтамасыз етіледі", - дейді министрлік.
Нәтижесінде 2027 жылдың соңына қарай елдегі ауылдардың 99%-ін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мүмкін болмақ.
"Сондай-ақ жақын арада мектеп, аурухана, әкімшілік ғимарат, бюджеттік ұйымдар, қоғамдық орындар мен мемлекеттік шекаралардағы 40-тан астам өткізу бекеттері желіге қол жеткізе алады", - дейді ведомство.
Ауылдық елді мекендерді талшықты-оптикалық (88%) және жерсеріктік арналар (12%) арқылы желіге қосады.
Мачта базовой станции интернет-компании, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2025
Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша Ұлыбритания, Германия елдерінен озды
Жаңалықтар
0