Бірлескен жұмыс Одақтағы санитарлық қызметтердің әлеуетін күшейтеді - ЕЭК министрі

© Photo : Пресс-служба ЕЭКВалентин Татарицкий
Валентин Татарицкий - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2025
Жазылу
Талқылау нәтижелері бойынша бірқатар басым бағыт бойынша ынтымақтастық шаралары белгіленді
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Техникалық реттеу министрі Валентин Татарицкий Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдар басшылары кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.
Кеңес барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының өткен сессиясының нәтижелерін олардың ЕАЭО елдері үшін өзектілігі тұрғысынан талқыланды. Одаққа мүше мемлекеттердегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және Кеңестің одан әрі қызметінің перспективалары қарастырылды.
"Бірлескен жұмыс Одақ мемлекеттерінің санитарлық қызметтерінің әлеуетін күшейтіп, қажетті мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді, бұл Одақ елдері тұрғындарының денсаулығын сақтауға және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді Валентин Татарицкий.
Сонымен қатар Комиссияның тұтыныушылар құқығы саласындағы әзірленіп жатқан актілері, сондай-ақ "Еуразиялық экономикалық жол" декларациясын іске асыру жөніндегі жоспар жобасының іс-шаралары қаралды.
Талқылау нәтижелері бойынша бірқатар басым бағыт бойынша ынтымақтастық шаралары белгіленді.
Еуразия өңіріне тартылған инвестициялардың жартысынан көбін Орталық Азия құрады - ЕАЭО - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2025
Еуразия аймағына тартылған инвестициялардың жартысынан көбін Орталық Азия құрады - ЕАЭО
Жаңалықтар
0