Еуразия аймағына тартылған инвестициялардың жартысынан көбін Орталық Азия құрады - ЕАЭО

© Sputnik/Ертай СарбасовЕуразия өңіріне тартылған инвестициялардың жартысынан көбін Орталық Азия құрады - ЕАЭО
Еуразия өңіріне тартылған инвестициялардың жартысынан көбін Орталық Азия құрады - ЕАЭО - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2025
Жазылу
Салымдардың ең көп үлесі бұрынғыша шикізат секторында шоғырланған
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Орталық Азия елдері Қытай, Түркия, Иран және Шығанақ елдерінен Еуразия өңіріне тартылған барлық инвестициялардың жартысынан астамын құрайды.
Төрт елдің Орталық Азия елдеріне 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының соңында жинақталған инвестицияларының көлемі 46,2 млрд АҚШ доллары.
Мұндай деректер ЕАДБ-ның "Еуразия құрлығындағы өзара инвестициялар: жаңа және ескі серіктестер"баяндамасында ұсынылды. ЕАДБ сарапшылары келесі ерекшеліктерді атады:
1.
Қытай, Түркия, Иран және Шығанақ елдерінен Орталық Азия елдерінде жинақталған тікелей шетелдік инвестиция көлемі бір жарым жыл ішінде 25%-ке өсіп, 46,2 млрд долларды құрады. Еуразия өңірінде аталған елдерден келетін инвестициялардың жалпы құрылымындағы Орталық Азияның үлесі 2024 жылдың ортасына қарай 51% -ке дейін өсті
2.
Инвестициялардың ең көп көлемі Түркіменстанға тиесілі болды(үлесі-38%; 17,5 млрд.) және Қазақстан (33,5%; 15,5 млрд.).
3.
Өзбекстан аймақтағы өсу қарқыны бойынша көшбасшы болды. Бір жарым жыл ішінде Қытай, Түркия, Иран және Шығанақ елдерінен тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 3,2 есе өсіп, 8,8 млрд долларды құрады. Көлемдердің айтарлықтай өсуі Қазақстан мен Қырғызстанда да тіркелді - тиісінше 22% және 12%.
4.
Орталық Азияға инвестор елдер арасында Қытай мен БАӘ 27,7 млрд (60%) және 11,7 млрд АҚШ доллары көлемінде көш бастап тұр. Сауд Арабиясынан инвестициялар бойынша айтарлықтай өсім тіркелді, 4,3 есе 2 млрд долларға дейін.
5.
Салымдардың ең көп үлесі бұрынғыша шикізат секторында шоғырланған — 54% (24,7 млрд), алайда мұнда өсім баяулаған.
Орталық Азия инвесторлар географиясының кеңеюімен және бірлескен жобалар санының өсуімен Еуразияның инвестициялық картасындағы позицияны күшейтіп келеді.
Қазақстан орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша жоғарғы көрсеткішке ие - ЕАЭО  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2025
ЕАЭО: Қазақстан құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша ең жоғарғы көрсеткішке ие
Жаңалықтар
0