Абай облысындағы Шипалы көлінде балалар лагері салынады

Абай облысындағы Шипалы көлінде балалар лагері салынады
Абай облысындағы Шипалы көлінде балалар лагері салынады - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2025
Жазылу
Шипалы көл – Бесқарағай ауданының солтүстік-батыс бөлігінде, аудан орталығынан 85 шақырым жерде орналасқан
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Бесқарағай ауданындағы Шипалы көлде 300 орындық балалар лагері салынады, деп хабарлады Абай облысының әкімдігі.
Облыс әкімі Берік Уәли ауданға жұмыс сапары барысында Шипалы көлде болып, демалыс аймағын дамытуға қатысты жобалармен танысты.
Туристік аймаққа инфрақұрылым тартуға, инвестиция салуға қызығушылық танытып жатқан кәсіпкерлер аз емес. Жергілікті инвесторлардың бірі көл жағасына сауықтыру, демалыс кешенін, енді бірі 300 орындық балалар сауықтыру лагерін салуды жоспарлап отыр. Аймақ басшысы бастамаларға қолдау білдіріп, әкімдік инфрақұрылым желілерін тартуға көмек көрсететінін айтты.
"Шипалы көлдің әлеуеті өте жоғары. Көлге инфрақұрылым тартылса, келеміз деп отырған инвестор көп. Негізгі жолдан көлге дейінгі 7-8 шақырым қара жол. Биыл оған асфальт төсейміз. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы электр желісін тарту бойынша ұсыныс беріңіздер. Біз облысымыздағы осындай туристік орындарды тиімді пайдалануымыз керек", - деді облыс әкімі.
Шипалы көл – Бесқарағай ауданының солтүстік-батыс бөлігінде, аудан орталығынан 85 шақырым жерде, "Семей Орманы" табиғи резерваты аумағында орналасқан ерекше табиғи нысан. Көлдің суы мен балшығы емдік қасиеттерімен танымал.
Қазақстанда алғашқы халықаралық аутлет орталығы салынады - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2025
Қазақстанда алғашқы халықаралық аутлет орталығы салынады
Жаңалықтар
0