Қазақстанда алғашқы халықаралық аутлет орталығы салынады

CC0 / / Қазақстанда алғашқы халықаралық аутлет орталығы салынады
Қазақстанда алғашқы халықаралық аутлет орталығы салынады - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2025
Жазылу
Жалпы ауданы 80 000-нан 120 000 шаршы метрді қамтитын аутлет-орталық аумағында сауда галереялары, қонақүйлер, балаларға арналған ойын алаңдары орналасады
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстанда алғашқы халықаралық аутлет орталығы салынады, деп хабарлайды сауда және интеграция министрлігі.
© Photo : Сауда және интеграция министрлігіҚазақстанда алғашқы халықаралық аутлет орталығы салынады
Қазақстанда алғашқы халықаралық аутлет орталығы салынады - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2025
Қазақстанда алғашқы халықаралық аутлет орталығы салынады
Астанада өткен халықаралық форум аясында елімізде алғашқы халықаралық аутлет-орталығын салу туралы бас келісімге қол қойылды. Ауқымды жоба Алматы облысында QSM тобының бастамасымен жүзеге асырылады. Жобаның стратегиялық серіктесі ретінде коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығында 60 жылдан астам тәжірибесі бар австриялық Ekazent Management GmbH компаниясы таңдалды.
"Келісім аясында Ekazent Management GmbH компаниясы аутлет-орталықты орналастыруға ең қолайлы орынды анықтау мақсатында маркетингтік зерттеу жүргізеді. Сондай-ақ болашақ орталықтың архитектуралық және операциялық тұжырымдамасын әзірлеп, басқару стратегиясын қалыптастырады", - дейді министрлік.
Бұдан бөлек, компания халықаралық брендтер мен жалға алушыларды коммерциялық алаңдарға тартумен айналысады.
Жалпы ауданы 80 000-нан 120 000 шаршы метрді қамтитын аутлет-орталық аумағында сауда галереялары, қонақүйлер, қоғамдық тамақтану орындары, балаларға арналған ойын алаңдары мен басқа да қажетті инфрақұрылымдық нысандар орналаспақ.
Қар тазалаушы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2025
Жетісуда жұмысшы мамандар үшін орталық салынады
Жаңалықтар
0