Жетісуда жұмысшы мамандар үшін орталық салынады

© Sputnik / Тимур БатыршинҚар тазалаушы
Қар тазалаушы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Жетісуда жұмысшы мамандарын тәжірибеден өткізетін орталық салынады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктегілер.
Талдықорғанда жұмысшы мамандарды тәжірибеден өткізетін орталық салу жоспарланып отыр. Нысанның құрылысы биыл басталып, келесі жылы бітеді.
"Орталықта жұмысшы мамандарға практикалық сабақтар жаңа технология негізінде оқытылады", - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, өңірдегі 9 колледжде 14 жаңа мамандық ашылған. Әсіресе дәнекерлеуші, механик, балық зауытының технологы, аккумулятор зауытының технологы, дрон ұшыратын, цифрлық технологияны іске қосатын мамандар даярлау басты назарда.
Кербұлақ ауданында жаңадан ашылып жатқан өндіріс ошақтарының бірі тау-кен металлургия комбинаты өздеріне керекті мамандарды дайындайтын техникалық колледж ашу жұмыстарын жүргізуде.
Еске салсақ, өңірде "Жаңа мамандықтар атласы" бекітілген болатын. Онда еңбек нарығы мен өңірдің экономикасын дамыту талаптары ескеріле отырып, 5 негізгі бағытқа – ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, туризм индустриясы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, энергетика және жаңартылатын энергия көздері салаларына бағдарланған.
Виды Нур-Султана зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2025
Астанада "Жұмысшы мамандықтар қаласы" ашылады
Жаңалықтар
0