https://sputnik.kz/20250209/astanada-zhumysshy-mamandyqtar-qalasy-ashylady-50712468.html
Астанада "Жұмысшы мамандықтар қаласы" ашылады
Астанада "Жұмысшы мамандықтар қаласы" ашылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Астанада "Жұмысшы мамандықтар қаласы" республикалық фестивалі өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан оқу-ағарту министрлігіне... 09.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-09T16:02+0500
2025-02-09T16:02+0500
2025-02-09T16:24+0500
мамандықтар
https://sputnik.kz/img/1227/05/12270512_0:25:2000:1150_1920x0_80_0_0_8627a169ca3ea41df30d35faf9c9e50c.jpg
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Астанада "Жұмысшы мамандықтар қаласы" республикалық фестивалі өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.11-15 ақпанда ашылатын "Жұмысшы мамандықтар қаласы" болашақ мамандар, жұмыс берушілер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өзара ынтымақтастық алаңына айналады.Бұдан бөлек, бірнеше күн бойы түрлі семинарлар мен шеберлік сыныптары, мұнай және энергетика бойынша хакатондар, мамандықтар шеруі, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, стартап жобалардың таныстырылымы, машина жасау бойынша шеберлік сыныптары, концерттер, халықаралық аккредиттелген техникалық және кәсіптік оқыту курстары өтеді."Жұмысшы мамандықтар қаласы" Астанадағы "EXPO" Халықаралық көрме орталығында күнде сағат 10:00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істейді.
https://sputnik.kz/20250110/zhumysshy-mamandyqtar-zhyly-elordada-qanday-is-sharalar-otedi-49891916.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1227/05/12270512_223:0:2000:1333_1920x0_80_0_0_b262d639b93172d98264d70218bb572d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мамандықтар
Астанада "Жұмысшы мамандықтар қаласы" ашылады
16:02 09.02.2025 (жаңартылды: 16:24 09.02.2025) АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Астанада "Жұмысшы мамандықтар қаласы" республикалық фестивалі өтеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
11-15 ақпанда ашылатын "Жұмысшы мамандықтар қаласы" болашақ мамандар, жұмыс берушілер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өзара ынтымақтастық алаңына айналады.
"Жұмысшы мамандықтары қаласының қонақтары арнайы тақырыптық көшелерді аралап, таныса алады. Тау-кен, металлургия көшесі, машина жасау және көлік көшесі, ауыл және су шаруашылығы көшесі, құрылысшылар көшесі, болашақ мамандықтар көшесі, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер бұрышы және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады", - дейді министрлік мамандары.
Бұдан бөлек, бірнеше күн бойы түрлі семинарлар мен шеберлік сыныптары, мұнай және энергетика бойынша хакатондар, мамандықтар шеруі, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, стартап жобалардың таныстырылымы, машина жасау бойынша шеберлік сыныптары, концерттер, халықаралық аккредиттелген техникалық және кәсіптік оқыту курстары өтеді.
"Жұмысшы мамандықтар қаласы" Астанадағы "EXPO" Халықаралық көрме орталығында күнде сағат 10:00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істейді.