https://sputnik.kz/20250611/aqtobe-oblysynda-balalardyn-demalysyna-arnalgan-erekshe-zhoba-azirlendi-54541404.html
Ақтөбе облысында балалардың демалысына арналған ерекше жоба әзірленді
Ақтөбе облысында балалардың демалысына арналған ерекше жоба әзірленді
Sputnik Қазақстан
Өңірде 1-10 сынып аралығындағы 174 959 оқушы жазғы кезеңде 291 497 шараға қатысады 11.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-11T16:05+0500
2025-06-11T16:05+0500
2025-06-11T16:22+0500
балалар
оқушылар демалысы
https://sputnik.kz/img/07e9/06/0b/54542124_0:370:960:910_1920x0_80_0_0_2669fe05acde2d4407de074af352de8b.jpg
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Ақтөбе облыстық білім басқармасы 10 мемлекеттік органмен бірлесіп, арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Ведомствоаралық штаб құрылып, нақты жұмыс алгоритмі жасалды. Лагерь қызметкерлерін даярлау, демалыс нысандарын қабылдау кестесі де алдын ала бекітілді, дейді облыстық білім басқармасы.Өңірде 1-10 сынып аралығындағы 174 959 оқушы жазғы кезеңде 291 497 шараға қатысады.Облыста 7 қала сыртындағы сауықтыру орталығы, 699 мектеп жанындағы лагерь қызмет көрсетеді. Оның ішінде 305-і тамақпен қамтылған, 394-і бейінді лагерьлер. Сондай-ақ 49 қосымша білім беру ұйымы жанындағы жазғы алаң жұмыс жасауда."Жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың 98%-і жазғы демалыспен тегін толық қамтылады. "Қазақстан халқына" қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан "Жаздық жолдама" әлеуметтік жобасы аясында биыл 395 ауыл баласы "Әсем", "Campit", "Шұғыла" лагерьлерінде демалады”, - дейді басқармадағылар.Жаз бойы тек тынығу емес, болашақ мамандықты тануға да көңіл бөлінуде, дейді баспасөз қызметі.Ал Шалқар ауданында 1300-ден астам оқушы еңбекпен қамтылды."Аудан аумағындағы білім беру ұйымдарының базасында 8-10 сынып оқушыларына еңбекпен қамту демалысы ұйымдастырылды. Аталған жобаға қазіргі таңда 1301 оқушы тартылып, олар түрлі қоғамдық-маңызды жұмыстарға жұмылдырылуда", - дейді облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.Жасөспірімдер мектеп ауласын көгалдандырып, тазалық жұмыстарымен айналысады.
https://sputnik.kz/20250527/bektenov-zhazda-kusheytilgen-rezhimde-zhumys-isteuge-tapsyrma-berdi-53926546.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/0b/54542124_0:280:960:1000_1920x0_80_0_0_46cfd9c6723a81a22117747e514eda51.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балалар, оқушылар демалысы
балалар, оқушылар демалысы
Ақтөбе облысында балалардың демалысына арналған ерекше жоба әзірленді
16:05 11.06.2025 (жаңартылды: 16:22 11.06.2025) Өңірде 1-10 сынып аралығындағы 174 959 оқушы жазғы кезеңде 291 497 шараға қатысады
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Ақтөбе облыстық білім басқармасы 10 мемлекеттік органмен бірлесіп, арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Ведомствоаралық штаб құрылып, нақты жұмыс алгоритмі жасалды. Лагерь қызметкерлерін даярлау, демалыс нысандарын қабылдау кестесі де алдын ала бекітілді, дейді облыстық білім басқармасы.
Өңірде 1-10 сынып аралығындағы 174 959 оқушы жазғы кезеңде 291 497 шараға қатысады.
"Яғни балалар бірнеше бағыттағы шараға қатыса алады. Жалпы, жазғы демалыс кезеңінде 171 809 бала бір қызмет түрімен қамтылады. Жергілікті бюджеттен бұл мақсатқа 228,1 млн теңге бөлінген", - дейді ведомстводағылар.
Облыста 7 қала сыртындағы сауықтыру орталығы, 699 мектеп жанындағы лагерь қызмет көрсетеді. Оның ішінде 305-і тамақпен қамтылған, 394-і бейінді лагерьлер. Сондай-ақ 49 қосымша білім беру ұйымы жанындағы жазғы алаң жұмыс жасауда.
"Жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың 98%-і жазғы демалыспен тегін толық қамтылады. "Қазақстан халқына" қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан "Жаздық жолдама" әлеуметтік жобасы аясында биыл 395 ауыл баласы "Әсем", "Campit", "Шұғыла" лагерьлерінде демалады”, - дейді басқармадағылар.
Жаз бойы тек тынығу емес, болашақ мамандықты тануға да көңіл бөлінуде, дейді баспасөз қызметі.
"SKILLS CAMP" жобасы аясында колледждер базасында 1500 оқушы кәсіптік бағытта білім алуда. 2 кезеңінде тағы 1500 оқушы қамтылады. Балалардың танымын кеңейтуге бағытталған "ЭКО-ЖАЗ" және "MEDIALAB" жобалары да іске қосылды. Олар экологиялық білім мен сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған. Бүгінде 325 бала бұл жобалармен қамтылып отыр", - дейді білім басқарма өкілдері.
Ал Шалқар ауданында 1300-ден астам оқушы еңбекпен қамтылды.
"Аудан аумағындағы білім беру ұйымдарының базасында 8-10 сынып оқушыларына еңбекпен қамту демалысы ұйымдастырылды. Аталған жобаға қазіргі таңда 1301 оқушы тартылып, олар түрлі қоғамдық-маңызды жұмыстарға жұмылдырылуда", - дейді облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Жасөспірімдер мектеп ауласын көгалдандырып, тазалық жұмыстарымен айналысады.