https://sputnik.kz/20250527/bektenov-zhazda-kusheytilgen-rezhimde-zhumys-isteuge-tapsyrma-berdi-53926546.html
Бектенов жазда күшейтілген режимде жұмыс істеуге тапсырма берді
Бектенов жазда күшейтілген режимде жұмыс істеуге тапсырма берді
Sputnik Қазақстан
Қазірдің өзінде кейбір өңірлерде жұмыс мерзімі кешігіп жатқаны анықталып отыр 27.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-27T11:35+0500
2025-05-27T11:35+0500
2025-05-27T11:37+0500
олжас бектенов
жылыту
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/1d/48155257_2:0:1278:718_1920x0_80_0_0_6884bb3df1f986144c9c8918d60f76a4.jpg
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын күшейтілген режимде атқаруға тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Үкімет басшысының айтуынша, арқаны кеңге салатын уақыт жоқ. Жазда энергетикалық нысандарды жөндеу жұмыстары толығымен орындалуы шарт.Оның айтуынша, қазірдің өзінде кейбір өңірлерде жұмыс мерзімін кешіктіру қаупі байқалып отыр. Мәселен, Семей қаласында қазандықтарды жөндеу жұмыстары әлі басталған жоқ. Рудный мен Арқалықта да тура сондай жағдай. Ал Маңғыстау облысында МАЭК-тың екінші жылу орталығының турбинасын жұмыс тәжірибесі жоқ құрылыс компаниясы жөндейін деп жатыр. Осыған байланысты премьер нақты бірнеше тапсырма берді."Өңір әкімдіктері барлық конкурстық рәсімді екі аптада аяқтап, жөндеу жұмыстарына кірісуі керек. Басы артық бюрократияға жол беруге болмайды. Биыл іске қосу жоспарланып отырған нысандар бойынша барлық жұмысты тамыз айынан кешіктірмей аяқтау қажет”,-деп атап өтті премьер-министр.Ал әкімдер жылу нысандары апта сайын барып, бәрін бақылауда ұстауға міндетті.
https://sputnik.kz/20250527/basshylarga-qatysty-zhazalau-sharasy-zhylytu-mausymyna-on-aser-etti-53924225.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/1d/48155257_162:0:1119:718_1920x0_80_0_0_00d3b1bc803bf15eee7a6522eabf4de4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
олжас бектенов, жылыту
Бектенов жазда күшейтілген режимде жұмыс істеуге тапсырма берді
11:35 27.05.2025 (жаңартылды: 11:37 27.05.2025) Қазірдің өзінде кейбір өңірлерде жұмыс мерзімі кешігіп жатқаны анықталып отыр
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын күшейтілген режимде атқаруға тапсырма берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет басшысының айтуынша, арқаны кеңге салатын уақыт жоқ. Жазда энергетикалық нысандарды жөндеу жұмыстары толығымен орындалуы шарт.
"Талап қатаң болады. Үкімет тарапынан қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Осы айда мен Астана, Көкшетау, Риддер және Қызылорда қалаларында жылу көздерін жаңғырту үшін резервтен 25 млрд теңге бөлу туралы қаулыға қол қойдым. Үкімет осы қаражаттың тиімді жұмсалуын және одан алынған нәтижені бақылайды", - деді Бектенов министрлер кабинетінің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, қазірдің өзінде кейбір өңірлерде жұмыс мерзімін кешіктіру қаупі байқалып отыр. Мәселен, Семей қаласында қазандықтарды жөндеу жұмыстары әлі басталған жоқ. Рудный мен Арқалықта да тура сондай жағдай. Ал Маңғыстау облысында МАЭК-тың екінші жылу орталығының турбинасын жұмыс тәжірибесі жоқ құрылыс компаниясы жөндейін деп жатыр. Осыған байланысты премьер нақты бірнеше тапсырма берді.
"Өңір әкімдіктері барлық конкурстық рәсімді екі аптада аяқтап, жөндеу жұмыстарына кірісуі керек. Басы артық бюрократияға жол беруге болмайды. Биыл іске қосу жоспарланып отырған нысандар бойынша барлық жұмысты тамыз айынан кешіктірмей аяқтау қажет”,-деп атап өтті премьер-министр.
Ал әкімдер жылу нысандары апта сайын барып, бәрін бақылауда ұстауға міндетті.