Басшыларға қатысты жазалау шарасы жылыту маусымына оң әсер етті

Редукторы, отопление, иллюстративное фото
Редукторы, отопление, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2025
Жазылу
Электр станцияларындағы технологиялық заң бұзушылықтар 27%-ға төмендеді
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов бірінші басшыларға қатысты жазалау шарасы жылыту маусымына қалай әсер еткенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулерге сәйкес, энергия кәсіпорындарының бірінші басшылары жөндеу мерзімін бұзғаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш (2025 жылы - 196 600 теңге) мөлшерінде, ал қысқы кезеңде отынның нормативтік қорын сақтамағаны үшін 100-ден 2000 АЕК-ке (393 200-7 864 000 теңгеге) дейін айыппұл төлеуге міндеттеледі. Бұдан бөлек, әзірлік паспортын алмағаны үшін айыппұлдың көлемі артты.
"Аталған шаралар жылыту маусымының тұрақты өтуіне және энергетикалық кәсіпорындардың сенімді жұмысын қамтамасыз етуге тікелей әсер етті",-деді вице-министр Есімханов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, жылыту маусымы кезінде электр жүктемесі максимумға жеткен. 2024 жылдың 8 желтоқсанында тұтыну көлемі 17 203 МВт-қа жеткен. Ал жылу желілерінің температуралық кестесін сақтамау жағдайларының саны 215-тен 65-ке дейін қысқарды.
"Электр станцияларындағы технологиялық заң бұзушылықтар 782 жағдайға дейін, 27%-ға төмендеді.Жылыту маусымының қорытындысы бойынша 9 жылу электр орталығы қызыл аймақтан сарыға, 3 жылу электр орталығы сарыдан жасылға көшті", - деп түйіндеді вице-министр.
Риддердегі ЖЭО - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2025
Қызылорда қаласындағы ЖЭО-ны жөндеуге 2,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
Жаңалықтар
0