Жамбыл облысында 659,9 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді
Жамбыл облысында 659,9 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді

Жазылу
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Жамбыл облысы бойынша егіс науқаны толығымен аяқталды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Биыл облыс бойынша 659,9 мың гектарға ауыл шаруашылы дақылдары егілді. Бұл ретте егіс алқабын әртараптандыру аясында өсіруге тиімді, шығыны аз, пайдасы жоғары ауыл шаруашылығы дақылдарына басымдық берілді.
Атап айтқанда себілген дақылдар көлемі мынандай:
198,9 мың гектарға – жаздық масақты дәнді дақыл;
40,6 мың гектарға – майлы дақыл;
5,6 мың гектарға – қант қызылшасы;
8,9 мың гектарға – картоп;
34,9 мың гектарға – көкөніс;
14,0 мың гектарға – бақша дақылдары;
18,8 мың гектарға – дәндік жүгері;
1,5 мың гектарға – сүрлемдік жүгері;
25,3 мың гектарға – көпжылдық шөп;
3,7 мың гектарға – біржылдық шөп.
Көктемгі егіс жұмыстарына 8 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы тартылды. Тұқым, тыңайтқыш және жанар-жағармаймен қамтамасыз ету шаралары уақытылы орындалды.
"Үкімет тарапынан бөлінген 19,9 мың тонна дизель отынының 13,7 мың тоннасы өңірге жеткізіліп, 9,9 мың тоннасы шаруаларға таратылды. Жоспарланған 99,6 мың тонна минералды тыңайтқыштың 50,4 мың тоннасы 252,2 мың гектар алқапқа ендірілді", - деп жазылған хабарламада.
Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға бағытталған "Кең дала 1" және "Кең дала 2" бағдарламаларымен 4,1 млрд теңгеден астам қаржыға өтінімдер түсіп, оның 3,5 млрд. теңгесі шаруаларға аударылды.