Қызылорда облысында 15 мың гектардан астам егістік жер қалпына келтірілді

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаЕгістік алқабы
Егістік алқабы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2025
Жазылу
Жоба су шығынын 30%-ға дейін азайту арқылы жылына шамамен 95 млн текше метр суды үнемдеуге мүмкіндік береді
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Қызылорда облысының Жалағаш ауданында Сырдария өзені бассейніндегі ирригациялық және дренаждық жүйелерді қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.
Ведомство хабарлауынша, барлығы 1362,2 шақырым канал қайта жаңғыртылып, 14 617 шағын гидротехникалық нысан ауыстырылып, жаңадан салынды. Сондай-ақ 327,86 шақырым коллектор мен 151 бақылау ұңғымасы қалпына келтірілді.
Осы жұмыстардың нәтижесінде жалпы көлемі 15,1 мың гектар ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен жабдықтау және мелиоративтік жағдайы жақсарып, суармалы жерлер толық игерілді. Жоба су шығынын 30%-ға дейін азайту арқылы жылына шамамен 95 млн текше метр суды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Бұл жұмыстар Дүниежүзілік банкпен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасының екінші кезеңі аясында атқарылды. Осыған ұқсас жобалар Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында да жүргізіліп жатыр.
"Осының арқасында 105 мың гектардан астам жердің суармалы жағдайы жақсарады. Бүгінгі таңда бұл жобалардың 86%-ы аяқталды. Қазірдің өзінде 79,15 мың гектар егістікке су жеткізу жақсарып, жылына 201,8 млн текше метр су үнемдеуге жағдай жасалды", – деді ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов.
Жергілікті шаруа қожалықтары жұмыс нәтижелеріне оң баға беріп отыр.
Риддердегі ЖЭО - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2025
Қызылорда қаласындағы ЖЭО-ны жөндеуге 2,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
Жаңалықтар
0