Қызылорда облысында алты шаруа қожалығы 2,3 млн текше метрден аса суды заңсыз пайдаланған

© Photo : Предоставлено пресс-службой министерства водных ресурсов и ирригации КазахстанаҚызылорда облысында 2,3 млн текше метр суды заңсыз пайдаланған
Қызылорда облысында 2,3 млн текше метр суды заңсыз пайдаланған  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2025
Жазылу
Қазақстанның оңтүстік облыстарында су жеткізу мәселелері бойынша мониторинг жүріп жатыр
АЛМАТЫ, 10 маусым – Sputnik. Вегетациялық кезең басталғалы бері өңірде рұқсатсыз алынған судың көлемі 2,3 млн текше метрден асқан. Судың барлығы күріш алқаптарын суаруға пайдаланылған. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтты.

"Қазақстанның оңтүстік облыстарында суды заңсыз пайдалану фактілерін тексеріп қана қоймай, су үнемдеу, реттеу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу мәселелері бойынша мониторинг жүріп жатыр", - дейді министрлік.

Бұған дейін Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мамандары Шардара ауданы прокуратурасымен бірлесіп, Түркістан облысында тіркелмеген 24 сорғы қондырғысын анықтаған болатын.
"Су үнемдеу мен суармалы суды дұрыс үлестіруді қамтамасыз ету мақсатында биыл "Қазсушар" кәсіпорнымен тиісті келісімшартқа отырған шаруа қожалықтарына ғана су беріледі. Жергілікті жерлерде тексерулер міндетті түрде жалғасады және суды заңсыз пайдалану фактілерінің бәрі анықталып, заң бұзғандар жауапкершілікке тартылады", - деді Нұржігітов.
Сондай-ақ жаңа жылдан бастап шаруалармен су беру туралы келісімшарттар тек электронды форматта жасалуы тиіс. Барлық келісімшартты онлайн жүйе арқылы тексеріп, келісілген көлемдегі судың беріліп жатқанын және көрсетілген дақылдардың расымен өсіріліп жатқаны бақылауға алынады, деді министр.
Водопроводный кран, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2025
"Аз тұтынсаң, аз төлейсің": қазақстандықтар 1,6 миллион текше метр суды үнемдеді
Жаңалықтар
0