"Аз тұтынсаң, аз төлейсің": қазақстандықтар 1,6 миллион текше метр суды үнемдеді

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуВодопроводный кран, архивное фото
Водопроводный кран, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2025
Жазылу
Алдын ала деректер бойынша алты өңірде бір миллиард теңгеге жуық қаржы үнемделді
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов ауыз судың сараланған тарифі арқылы қанша ақша үнемделгенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл ауыз суды тұтыну көлеміне қарай төлем тәртібі енгізілген болатын. Атап айтқанда, бір адамға айына 3 текше үшін қолданыстағы тариф қолданылады. Одан жоғары болса, 20-50 процентке артық ақы төленеді. Ал 10 текше метрден артық тұтынғандардың төлемі екі есе көп тарифпен есептеледі.
Министрдің айтуынша алдын ала деректер бойынша алты өңірде бір миллиард теңгеге жуық қаржы үнемделді.
"Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Ақмола, Түркістан, Ұлытау, Ақтөбе облыстары сараланған тарифтерді енгізу нәтижесінде ай сайын орта есеппен 1,6 миллион текше метр су үнемдеп отыр",- деді Нұржігітов мәжілістегі үкімет сағатында.
Ал жаңа тарифті енгізудің нәтижесінде шамамен 900 миллион теңге көлемінде қаражат жиналды. Министрдің сөзіне қарағанда, бұл ақша су құбыры желілерін жаңғыртуға жұмсалады.
Айта кетері, қазіргі кезде суармалы судың тарифін белгілеудің жаңа әдістемесі әзірленіп жатыр.
Жаңалықтар
0