Диқандар үшін су тарифі өзгереді

© Sputnik / Абзал КалиевЛесопитомник
Лесопитомник - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2025
Жазылу
Қазіргі кезде суармалы судың тарифтерін белгілеудің жаңа әдістемесі әзірленіп жатыр
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов суару мақсатында қолданылатын судың ақысы өзгеретінін мәлімдеді , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Шаруалар үшін жаңа тарифтік жүйені енгізудің негізгі мақсаты - суды үнемді пайдалануға ынталандыру. Министрдің айтуынша, қазіргі кезде суармалы судың тарифтерін белгілеудің жаңа әдістемесі әзірленіп жатыр.
"Жаңа тәсіл бойынша тарифтер ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлеріне, тұтынылатын судың көлеміне, сондай-ақ су үнемдеу технологияларының қолданысына қарай сараланып белгіленеді. Бұл шара суды ұтымды пайдалану мен үнемдеуге ынталандыруды күшейтуге бағытталған", - деді Нұржігітов мәжілістегі үкімет сағатында.
Осы орайда министр суармалы суға тарифтік реттеу функциялары су министрлігіне берілгенін де еске салды. Бұған дейін бұл жұмыспен ұлттық экономика министрлігі айналысқан.
Водопроводный кран, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2025
Маңғыстау облысындағы ауылдарда су бағасы негізсіз көтерілген
Жаңалықтар
0