Қазақстан экономикаға кемінде 150 млрд доллар шетелдік капитал тартады - Бектенов

Премьер-министр Олжас Бектенов IV Ташкент инвестициялық форумына қатысты
Премьер-министр Олжас Бектенов IV Ташкент инвестициялық форумына қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2025
Жазылу
Осы мақсатта ұлттық экономиканы құрылымдық қайта құруға бағытталған ауқымды реформалар табанды түрде жүргізіліп жатыр
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Премьер-министр IV Ташкент инвестициялық форумына қатысты, деп хабарлады үкімет.

"Инвестиция тарту – өңірдің экономикалық парадигмасының негізгі факторы. Қазақстан 2029 жылға қарай экономикаға кемінде 150 млрд доллар көлемінде шетелдік капитал ағынын қамтамасыз етуді мақсат етіп отыр. Бұл – ауқымды әрі барынша биік мақсаттар, оған қол жеткізуге әбден болады", — деді Олжас Бектенов форумда сөйлеген сөзінде.

Ол осы мақсатта ұлттық экономиканы құрылымдық қайта құруға бағытталған ауқымды реформалар табанды түрде жүргізіліп жатқанын айтты.
Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен өткен пленарлық отырыста тұрақты даму, инвестициялар және өңірлік әріптестік стратегиялары талқыланды.
Форумға қатысушылар бүкіл өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін Орталық Азия елдерінің күш-жігерін үйлестірудің маңыздылығын баса айтты.
Форум аясында Шавкат Мирзиёев Қазақстанның үкімет басшысын қабылдады.
Кездесу барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, өнеркәсіптік, су-энергетикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері қаралды.
Олжас Бектенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2025
Бектенов отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізіліміне қатысты тапсырма берді
Жаңалықтар
0