Бектенов отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізіліміне қатысты тапсырма берді

© Sputnik / Санат ИмангалиевОлжас Бектенов
Олжас Бектенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2025
Жазылу
Қазіргі кезде өтінім беру сервисі әзірленіп жатыр
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімін келесі жылдан бастап енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мамыр айында президент тізілімнің жұмыс істеу тәртібін реттейтін заңға қол қойған болатын. Қазіргі кезде өтінім беру сервисі әзірленіп жатыр.

"Адал өндірушілер оған автоматты түрде қосылады. “Жалған өндірушілер” тізілімге ене алмайды. Ал, жаңадан өтініш берушілер қарапайым өтініштің және автоматты цифрлық тексеру негізінде ешқандай бюрократиясыз қосыла алады. Сарапшыларды шақыру мен басы артық тексерулерден өтудің және көп қағаз толтырудың қажеті болмайды. Барлығы цифрлық режимде, адамның қатысуынсыз жүргізіледі. Осыны баса айтқым келеді", — деді Бектенов үкіметтің бүгінгі отырысында.

Премьер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің автоматтандырылған жүйесін іске қосуды тапсырды
"Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап тізілім нақты отандық өндірушіні анықтау тетігіне айналады. Ал, мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлар өнімді сатып алуда осы тізілімге енген өндірушілерге басымдық береді. Бұл сапалы бақылауды қамтамасыз етіп, міндетін адал атқармайтын тауар өндірушілерді анықтауға мүмкіндік береді", — деді үкімет басшысы.
Жаңалықтар
0