Алматыда мерзімі өткен дәрілерді қабылдайтын орындар ашылды

© Photo : Unsplash / Melany @ tuinfosalud.comДәрі-дәрмек
Дәрі-дәрмек - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2025
Жазылу
Қанмен байланыста болған шприцтер, инелер мен медициналық қалдықтарды тапсыруға болмайды
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Алматыда мерзімі өткен дәрілерді қабылдайтын орындар ашылды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қаладағы 36 емханада мерзімі өткен, пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған дәрі-дәрмектерді кәдеге жарату үшін тапсыруға арналған контейнерлер орнатылды.
"Дәрі-дәрмектер-қауіпті қалдықтар. Оларды дұрыс тастамау қоршаған ортаға және денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін. Белсендізаттар топырақ пен суға түсіп, экожүйелер мен адамдарға қауіп төндіреді", - деп жазылған хабарламада.
Арнайы орнатылған контейнерлерге мыналарды тапсыруға болады:
дәрі-дәрмек;
капсулалар;
майлар;
кремдер;
гельдер;
ампулалар;
бөтелкелер;
сироптар;
сұйық ерітінділер.
Бұл медициналық заттарды тапсырар алдында препараттарды тығыз пакетке салып, байлау қажет.
Қанмен байланыста болған шприцтер, инелер мен медициналық қалдықтарды тапсыруға болмайды.
Дәрі-дәрмек - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2025
10 айда 366 млн дәрі-дәрмек таңбаланды
Жаңалықтар
0