https://sputnik.kz/20250604/10-ayda-366-mln-dari-darmek-tanbalandy-54265989.html
10 айда 366 млн дәрі-дәрмек таңбаланды
10 айда 366 млн дәрі-дәрмек таңбаланды
Sputnik Қазақстан
Ақпараттық жүйеде дәрілік заттар айналымының 5 000-нан астам қатысушысы тіркелген 04.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-04T11:08+0500
2025-06-04T11:08+0500
2025-06-04T11:13+0500
дәрі-дәрмек
министрлік
https://sputnik.kz/img/81/77/817713_0:186:2641:1671_1920x0_80_0_0_fd48d7c127bdc31dd465f56c1251076b.jpg
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Қазақстанда 10 айда 366 млн дәрі-дәрмек таңбаланды, деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметі.Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов дәрілік заттардың сапасын бақылауды күшейтуге, пациенттерді қорғауға және дәрілік айналымдағы ашықтықты арттыруға бағытталған шаралар жөнінде айтып берді.Қазақстанда 2024 жылғы 1 шілдеден бастап осы күннен кейін өндірілген барлық дәрілік заттарды міндетті таңбалау және қадағалау тәртібі енгізілді.2025 жылдың 30 мамырындағы жағдай бойынша, тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде дәрілік заттар айналымының 5 000-нан астам қатысушысы тіркелген, олардың ішінде:Міндетті таңбалау енгізілген сәттен бастап 366 миллионнан астам бірегей таңбалау коды енгізілді, оның ішінде:Қазіргі уақытта айналымда 255 миллион таңбаланған қаптама бар, оның ішінде:Айналымнан 82 миллион таңбалау коды шығарылды. Дәріханаларға 97,9 млн қаптама жеткізілді, олардың ішінде 53 млн қаптама айналымнан шығарылды (чектер мен хабарламалар арқылы).
https://sputnik.kz/20250127/shetelge-koship-ketken-qazaqstandyqtarga-dari-darmek-rasimdelgen-50296757.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/81/77/817713_0:0:2641:1980_1920x0_80_0_0_e805f3dd865619ec919ea0e8a72d3fe5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрі-дәрмек, министрлік
10 айда 366 млн дәрі-дәрмек таңбаланды
11:08 04.06.2025 (жаңартылды: 11:13 04.06.2025) Ақпараттық жүйеде дәрілік заттар айналымының 5 000-нан астам қатысушысы тіркелген
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Қазақстанда 10 айда 366 млн дәрі-дәрмек таңбаланды, деп хабарлады
Орталық коммуникациялар қызметі.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов дәрілік заттардың сапасын бақылауды күшейтуге, пациенттерді қорғауға және дәрілік айналымдағы ашықтықты арттыруға бағытталған шаралар жөнінде айтып берді.
Қазақстанда 2024 жылғы 1 шілдеден бастап осы күннен кейін өндірілген барлық дәрілік заттарды міндетті таңбалау және қадағалау тәртібі енгізілді.
2025 жылдың 30 мамырындағы жағдай бойынша, тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде дәрілік заттар айналымының 5 000-нан астам қатысушысы тіркелген, олардың ішінде:
276 көтерме сауда субъектісі,
3 000-нан астам дәріхана ұйымдары,
Міндетті таңбалау енгізілген сәттен бастап 366 миллионнан астам бірегей таңбалау коды енгізілді, оның ішінде:
224 млн қаптама импорттық дәрі-дәрмектерге,
144 млн қаптама отандық өндіріс өнімдеріне тиесілі.
Қазіргі уақытта айналымда 255 миллион таңбаланған қаптама бар, оның ішінде:
151 млн – импорттық өнім,
104 млн – қазақстандық өнім.
Айналымнан 82 миллион таңбалау коды шығарылды. Дәріханаларға 97,9 млн қаптама жеткізілді, олардың ішінде 53 млн қаптама айналымнан шығарылды (чектер мен хабарламалар арқылы).