Тоқаев Болгария президентімен қандай келісімге келгенін айтты

© Photo : АкордаТокаев и президент Болгарии Румен Радев
Токаев и президент Болгарии Румен Радев - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2025
Жазылу
Президенттер қос мемлекеттің мүддесіне сай келетін жаңа инвестициялық жобаларды пысықтауға уағдаласты
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Мемлекет басшсысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Болгария президентімен қандай келісімге келгенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Екі елдің президенттері алдымен өзара сауда-саттықты арттыруға келісті.
"Біз қос мемлекеттің мүддесіне сай келетін жаңа инвестициялық жобаларды пысықтауға уағдаластық. Әсіресе, мұнай-газ, жаңартылатын энергия, жасыл энергетика, атом өнеркәсібі, цифрландыру, инновация, жасанды интеллект, ғарыш саласы, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, мәдени-гуманитарлық байланыстар және туризм сияқты салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыру маңызды екенін атап өттік",-деді Тоқаев бірлескен брифингте.
Сондай-ақ келіссөздер кезінде көлік-логистика саласында байланыстарды нығайту мәселесіне баса назар аударылды.
"Бүгінде Транскаспий халықаралық көлік дәлізі стратегиялық сауда жолының біріне айналды. Осы дәлізге Болгарияның "Бургас" және "Варна" теңіз порттарын қосу мәселесін қарастыруға келістік. Бұл жұмысқа екі елдің экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы баса мән беру керек деп санаймыз. Мен комиссия аясында көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі бірлескен жұмыс тобын құруды ұсындым",-деп атап өтті президент.
Бүгін екі елдің президенттері Қазақстан-Болгария бизнес форумына да қатысады. Осы орайда Тоқаев бірлескен іскерлік кеңес құруды ұсынды.
Токаев и президент Болгарии Радев провели переговоры в Акорде - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2025
Саясат
Тоқаев пен Радев Ақордада қандай мәселелерді талқылады
Жаңалықтар
0