https://sputnik.kz/20250609/toqaev-pen-radev-aqordada-qanday-maselelerdi-talqylady-54420443.html
Тоқаев пен Радев Ақордада қандай мәселелерді талқылады
Тоқаев пен Радев Ақордада қандай мәселелерді талқылады
Sputnik Қазақстан
Алдағы уақытта Қазақстан мен Болгарияның іскерлік кеңесі құрылады 09.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-09T12:17+0500
2025-06-09T12:17+0500
2025-06-09T12:18+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
ақорда
https://sputnik.kz/img/07e9/06/09/54419510_0:4:1280:724_1920x0_80_0_0_45a010076216e65c66137708f33605bf.jpg
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Қазақстан мен Болгария президенттері Ақордада шағын құрамда келіссөз өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Болгария Еуропадағы ірі әрі маңызды әріптесіміз болып саналады. Сондықтан екіжақты қарым-қатынасты күшейтуге басымдық беріліп отыр.Президенттің айтуынша, бүгінгі бизнес форум мен екі елдің сауда палаталары арасында рәсімделетін меморандум да өзара ынтымақтастықты нығайта түседі.Ал Болгария президенті Румен Радев алдымен қазақтың дәстүрлі қонақжайлылығы үшін алғысын айтып, Қазақстанды Орталық Азиядағы негізгі стратегиялық әріптес ретінде қарастыратынын ерекше атап өтті.Осы орайда Болгария басшысы екі елдің стратегиялық орналасуын барынша пайдалану қажеттігін де жеткізді.
https://sputnik.kz/20250609/toqaev-bolgariya-prezidentin-aqordada-qarsy-aldy-54414464.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/09/54419510_155:0:1126:728_1920x0_80_0_0_21e1b296303539c4416c6450b74503f0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, ақорда
қасым-жомарт тоқаев, ақорда
Тоқаев пен Радев Ақордада қандай мәселелерді талқылады
12:17 09.06.2025 (жаңартылды: 12:18 09.06.2025) Алдағы уақытта Қазақстан мен Болгарияның іскерлік кеңесі құрылады
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Қазақстан мен Болгария президенттері Ақордада шағын құрамда келіссөз өткізді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Болгария Еуропадағы ірі әрі маңызды әріптесіміз болып саналады. Сондықтан екіжақты қарым-қатынасты күшейтуге басымдық беріліп отыр.
"Ал сауда-экономикалық байланыстар жөніндегі үкіметаралық комиссия соған күш салады деп білемін. Сондай-ақ біз алдағы уақытта Қазақстан мен Болгарияның іскерлік кеңесі құрылады деп жоспарлап отырмыз. Бұл біздің қарым-қатынасымызды күшейту жолындағы тағы бір қадам болады", - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, бүгінгі бизнес форум мен екі елдің сауда палаталары арасында рәсімделетін меморандум да өзара ынтымақтастықты нығайта түседі.
Ал Болгария президенті Румен Радев алдымен қазақтың дәстүрлі қонақжайлылығы үшін алғысын айтып, Қазақстанды Орталық Азиядағы негізгі стратегиялық әріптес ретінде қарастыратынын ерекше атап өтті.
"Бүгін өзара тиімді бағыттар мен бірге іске асырылатын жобаларды талқылауға мүмкіндік бар. Соған қуаныштымын. Бүгін маңызды меморандумдарға қол қойылады. Бұл құжаттар "орта дәлізді" (Азия мен Еуропаны байланыстыратын Транскаспий логистикалық дәлізі -Sputnik) күшейтуге мүмкіндік береді", - деп атап өртті Радев.
Осы орайда Болгария басшысы екі елдің стратегиялық орналасуын барынша пайдалану қажеттігін де жеткізді.