Сарбаздың өмірі мен денсаулығын сақтауға барлық деңгейдегі қолбасшылық жауапты - президент

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаМемлекет басшысы қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен жиын өткізді
Мемлекет басшысы қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен жиын өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2025
Жазылу
Мемлекет басшысы қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен жиын өткізді
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен жиын өткізді, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Қарулы күштер жоғары қолбасшылығының алдында тұрған басым міндеттерді атады.
Ведомство жетекшілігіне басқару және әскери органдар құрылымын жетілдіру, әскери қызмет институтының резервін қалыптастыру, Арнайы операциялар мен аумақтық қорғаныс күштерін дамыту шараларын жүзеге асыру жүктелді. Сондай-ақ Қарулы Күштерді цифрландыру және оның жұмысында жасанды интеллектіні пайдалану тапсырылды.

"Президент сарбаздың өмірі мен денсаулығын сақтауға барлық деңгейдегі қолбасшылықтың жауапты екенін айтты", - деп жазылған хабарламада.

Жиын барысында әскери борышты өтеуге жайлы жағдай жасаумен қатар әскери қызметшілердің кәсіби құзіретін жетілдіруге, оларға қойылатын талаптарды арттыруға мән беру қажет екені айтылды.
Тоқаев пен Радев Қазақстан-Болгария бизнес форумына қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2025
Тоқаев пен Радев "Қазақстан-Болгария" бизнес форумына қатысты
Жаңалықтар
0