https://sputnik.kz/20250609/toqaev-pen-radev-qazaqstan-bolgariya-biznes-forumyna-qatysty-54446355.html
Тоқаев пен Радев "Қазақстан-Болгария" бизнес форумына қатысты
Тоқаев пен Радев "Қазақстан-Болгария" бизнес форумына қатысты
Sputnik Қазақстан
Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан мен Болгария географиялық тұрғыдан оңтайлы орналасқан 09.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-09T18:12+0500
2025-06-09T18:12+0500
2025-06-09T18:12+0500
ақорда
форум
https://sputnik.kz/img/07e9/06/09/54444742_0:71:1280:791_1920x0_80_0_0_6c002a9f700d156e9b3b4867e1fc1292.jpg
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Болгария президентімен бірге екі елдің бизнес форумына қатысты, деп хабарлайды Ақорда.Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан мен Болгария географиялық тұрғыдан оңтайлы орналасқан.Осы орайда мемлекет басшысы былтыр осы дәліздің бойымен тасымалданған жүктің көлемі 62 пайызға өсіп, 4,5 миллион тоннаға жеткенін ерекше айтты. Ал 2028 жылға қарай жолдың жүк өткізу мүмкіндігі 10 миллион тоннаға дейін ұлғаяды."Бұл бағыт арқылы тасымалданатын жүк көлемін арттыруға ниеттіміз және Қара теңіздегі негізгі логистикалық орталық – Бургас портының Орта дәлізге қосылуын құптаймыз", – деді Тоқаев.Бұдан бөлек, жаңартылатын энергия, геологиялық барлау, агробизнес, фармацевтика, цифрлық технологиялар және тағы басқа салаларда өзара ынтымақтастықты нығайтуға болады."Болгариялық серіктестерімізбен ет пен сүт өнімдерін, бал, өсімдік майын өндіруде ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз. Шымкент қаласында ет өңдеу ісіне инвестиция құюды көздеп отырған "Lekkerbek" компаниясының ниетін қолдаймыз. Бұл жоба заманауи технологиялар енгізіп, аймақтың экспорттық әлеуетін көтеруге мүмкіндік береді", – дейді мемлекет басшысы.Оның айтуынша, Болгария басшысы Радевтің Қазақстанға жасаған ресми сапары стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі басталғанын көрсетеді.
https://sputnik.kz/20250609/toqaev-bolgariya-prezidentin-aqordada-qarsy-aldy-54414464.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/09/54444742_66:0:1214:861_1920x0_80_0_0_e97de25ea6c679ad4dd189a6b5265ff8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақорда, форум
Тоқаев пен Радев "Қазақстан-Болгария" бизнес форумына қатысты
Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан мен Болгария географиялық тұрғыдан оңтайлы орналасқан
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Болгария президентімен бірге екі елдің бизнес форумына қатысты, деп хабарлайды
Ақорда.
Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан мен Болгария географиялық тұрғыдан оңтайлы орналасқан.
"Еуразияның қақ ортасында тұрған біздің еліміз құрлықаралық байланысты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Еуропа мен Қытай арасындағы құрлық арқылы тасымалданатын жүктің 85 пайызы Қазақстан аумағымен өтеді. Орта дәліз инфрақұрылымын дамытудың арқасында, яғни, заманауи теміржолдар, құрғақ порттар мен логистикалық орталықтар сала отырып, Шығыс пен Батыс арасын бұрынғыдан әлдеқайда тиімді жалғаймыз", - деді президент.
Осы орайда мемлекет басшысы былтыр осы дәліздің бойымен тасымалданған жүктің көлемі 62 пайызға өсіп, 4,5 миллион тоннаға жеткенін ерекше айтты. Ал 2028 жылға қарай жолдың жүк өткізу мүмкіндігі 10 миллион тоннаға дейін ұлғаяды.
"Бұл бағыт арқылы тасымалданатын жүк көлемін арттыруға ниеттіміз және Қара теңіздегі негізгі логистикалық орталық – Бургас портының Орта дәлізге қосылуын құптаймыз", – деді Тоқаев.
Бұдан бөлек, жаңартылатын энергия, геологиялық барлау, агробизнес, фармацевтика, цифрлық технологиялар және тағы басқа салаларда өзара ынтымақтастықты нығайтуға болады.
"Болгариялық серіктестерімізбен ет пен сүт өнімдерін, бал, өсімдік майын өндіруде ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз. Шымкент қаласында ет өңдеу ісіне инвестиция құюды көздеп отырған "Lekkerbek" компаниясының ниетін қолдаймыз. Бұл жоба заманауи технологиялар енгізіп, аймақтың экспорттық әлеуетін көтеруге мүмкіндік береді", – дейді мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, Болгария басшысы Радевтің Қазақстанға жасаған ресми сапары стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі басталғанын көрсетеді.