https://sputnik.kz/20250609/qazaqstanda-zhasyl-alyuminiy-ondiru-klasterin-qurylady-54454590.html
Қазақстанда "жасыл" алюминий өндіру кластері құрылады
Қазақстанда "жасыл" алюминий өндіру кластері құрылады
Sputnik Қазақстан
Жер қойнауын пайдалану, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындармен ықтимал өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды 09.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-09T21:15+0500
2025-06-09T21:15+0500
2025-06-09T21:15+0500
министрлік
қытай
https://sputnik.kz/img/07e9/06/09/54454013_0:121:1280:841_1920x0_80_0_0_525127920755bac6ecadc2c1c7743401.jpg
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Қазақстанда "жасыл" алюминий өндіру кластерін құру жоспарланып отыр, деп хабарлады өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.Бұл мәселе ведомство басшысы Ерсайын Нағаспаевтың Қытайдың "East Hope Group" корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Лю Юнсинмен келіссөз барысында талқыланды.Бастама аясында Қостанай және Ақтөбе облыстарында 11 боксит пен көмір кен орнын игеру жоспарлануда. Жоба қуаттылығы жылына 6 млн тонна құрайтын тау-кен байыту комбинатының, жылына 3 млн тонна алюминий өндіретін электролиз зауытының, сондай-ақ белгіленген қуаты 4,5 ГВт көмірмен жұмыс істейтін ЖЭС құрылысын қамтиды. Шикізат жеткізуге ERG тарту және жобаға бірлесіп қатысу мүмкіндігі қарастырылуда.Жер қойнауын пайдалану, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындармен ықтимал өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.Министрлік хабарлағандай, Лю Юнсин Қазақстанның Еуразияның индустриялық орталығы ретіндегі стратегиялық маңыздылығын айтты. Ол "жасыл" алюминий, энергетика және агроөнеркәсіп салаларындағы "East Hope Group"-тың ұзақ мерзімді жобалары үшін елдің тартымдылығының негізгі факторлары ретінде бай ресурстық базаның және технологиялық жаңғыртудың тұрақты курсының болуын атады.
https://sputnik.kz/20250607/qazaqstan-men-qytay-ortalyq-aziya-narygyna-ortaq-tasymal-zhuyesin-qurmaqshy--54389198.html
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/09/54454013_0:1:1280:961_1920x0_80_0_0_b8ee8a6346639609c280d98b9ad10fc7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, қытай
Қазақстанда "жасыл" алюминий өндіру кластері құрылады
Жер қойнауын пайдалану, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындармен ықтимал өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Қазақстанда "жасыл" алюминий өндіру кластерін құру жоспарланып отыр, деп хабарлады
өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Бұл мәселе ведомство басшысы Ерсайын Нағаспаевтың Қытайдың "East Hope Group" корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Лю Юнсинмен келіссөз барысында талқыланды.
Бастама аясында Қостанай және Ақтөбе облыстарында 11 боксит пен көмір кен орнын игеру жоспарлануда. Жоба қуаттылығы жылына 6 млн тонна құрайтын тау-кен байыту комбинатының, жылына 3 млн тонна алюминий өндіретін электролиз зауытының, сондай-ақ белгіленген қуаты 4,5 ГВт көмірмен жұмыс істейтін ЖЭС құрылысын қамтиды. Шикізат жеткізуге ERG тарту және жобаға бірлесіп қатысу мүмкіндігі қарастырылуда.
"Инвестиция көлемі 12 миллиард АҚШ долларынан асады. 10 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Экологиялық таза технологиялар мен айналмалы экономика қағидаттарын пайдалануға ерекше назар аударылады", - деп жазылған хабарламада.
Жер қойнауын пайдалану, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындармен ықтимал өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Министрлік хабарлағандай, Лю Юнсин Қазақстанның Еуразияның индустриялық орталығы ретіндегі стратегиялық маңыздылығын айтты. Ол "жасыл" алюминий, энергетика және агроөнеркәсіп салаларындағы "East Hope Group"-тың ұзақ мерзімді жобалары үшін елдің тартымдылығының негізгі факторлары ретінде бай ресурстық базаның және технологиялық жаңғыртудың тұрақты курсының болуын атады.