Қазақстан мен Қытай Орталық Азия нарығына ортақ тасымал жүйесін құрмақшы

© Photo : сауда және интеграция министрлігіҚазақстан мен Қытай ЕАЭО, ЕО және Орталық Азия нарығына ортақ тасымал жүйесін құруды жоспарлауда
Қазақстан мен Қытай ЕАЭО, ЕО және Орталық Азия нарығына ортақ тасымал жүйесін құруды жоспарлауда  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2025
Жазылу
Алматыда "Қытай – Қазақстан" сауда-экономикалық конференциясы өтті
АСТАНА, 7 маусым - Sputnik. Қазақстан мен Қытай ЕАЭО, ЕО және Орталық Азия нарығына ортақ тасымал жүйесін құруды жоспарлап жатыр.
Алматыда "Қытай (Шаньдун) – Қазақстан" сауда-экономикалық конференциясы өтті. Іс-шараға сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова қатысты.
Ол Шаньдун провинциясының вице-губернаторы Сун Цзюньцзимен екіжақты кездесіп, бірқатар нақты ұсыныстар жасады. Қазақстан Шаньдунмен бірлескен өндірістер мен индустриялық парктер құруды, сирек металдар мен жасыл энергетика саласындағы жобаларды іске қосуды ұсынды.
"Бізге қызығушылықтан нақты әрекетке көшу қажет. Бізде — ресурс, сіздерде — технология мен тәжірибе бар. Ынтымақтастығымызды алдағы ондаған жылдарға ауқымдауға болады", — деді Айжан Бижанова.
Конференцияда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, технология мен логистиканы дамыту салалары бойынша да әріптестік орнатуға қызығушылық байқалды. Сондай-ақ логистиканы цифрландыру, шекара маңы хабтарын дамыту және мультимодальды маршруттарды кеңейту мәселелері талқыланды.
Тоқаев CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2025
Қытай корпорациясы Қазақстандағы астықты терең өңдеу жобаларына қатысуға ниет білдірді
Жаңалықтар
0