Қытай корпорациясы Қазақстандағы астықты терең өңдеу жобаларына қатысуға ниет білдірді

© АкордаТоқаев CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
Тоқаев CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2025
Жазылу
Президент Қазақстанның сенімді инвестициялық серіктесі ретінде CITIC Group компаниясының қызметіне жоғары баға берді
АСТАНА, 27 мамыр - Sputnik. Мемлекет басшысы CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуаны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесуде энергетика, мұнай-химия өнеркәсібі, автожол құрылысы, минералды сектор, ауыл шаруашылығы және басқа да негізгі салалардағы серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен оны нығайту перспективасы талқыланды.
Президент Ақтау битум зауытын жаңғырту жобасын тиімді іске асырғаны үшін CITIC Group компаниясына алғыс айтты. Өндіріс орнындағы жұмыстар биыл сәуір айында мерзімінен бұрын аяқталды.
Қазақстанның сенімді инвестициялық серіктесі ретінде CITIC Group компаниясының қызметіне жоғары баға берді. Ол Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланысты нығайту бойынша белсенді жұмыс жүргізудің маңызын айтты.
Ал Си Гохуа өз кезегінде корпорацияның мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту, мұнай құбырларын тарту, Орталық – Батыс автокөлік жолын жөндеу, астықты терең өңдеу жобаларын бірлесіп жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.
Мемлекет басшысы Алматы қаласының жаңа әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2025
Тоқаев Алматы қаласының жаңа әкімін қабылдады
Жаңалықтар
0