Павлодарда тойға барған адамдар астан уланып қалды

CC0 / Pexels / Жас жұбайлар
Жас жұбайлар - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2025
Жазылу
15 адам ауруханаға жатқызылып, 14-і амбулаториялық емделуге жіберілді
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Павлодарда қыз ұзату тойына барғандар астан уланып қалды. Дәрігерлер көмегіне 30 шақты адам жүгініп, тең жартысы төсеккке таңылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиғаның қалай болғанын айтып, әділдік іздеген – ұзатылған қыз. Айтуынша, оның тойында бірнеше ондаған адам астан уланып, ауруханаға түскен.

"Менің ұзату тойымнан кейін қонақтардың іштері қатты ауырып, ыстығы көтерілген. Олар астан уланып қалды. Тойда жүрген ешбір бала ауырған жоқ, өйткені олар жеміс-жидек пен тәттілер жеді. Ал салат жеген үлкен адамдар уланып қалды", - дейді Азиза Исабаева.

Қалыңдықтың айтуынша, елуге жуық адам ауруханада жатыр. Оқиғаға қатысты денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді.
"Павлодар облыстық ауруханасының инфекция бөлімшесіне бактериялық ішек инфекциясының клиникалық көрінісі бар 29 науқас жүгінді. Оның 15-і ауруханаға жатқызылды, 14-і амбулаториялық емделуге жіберілді. Бүгінгі күні ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы орташа", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.
182 оқушы тамақтан уланды: Маңғыстауда кәсіпкер бас бостандығынан айырылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2025
182 оқушы тамақтан уланды: Маңғыстауда кәсіпкер бас бостандығынан айырылды
Жаңалықтар
0