182 оқушы тамақтан уланды: Маңғыстауда кәсіпкер бас бостандығынан айырылды

© Sputnik/Ертай Сарбасов182 оқушы тамақтан уланды: Маңғыстауда кәсіпкер бас бостандығынан айырылды
182 оқушы тамақтан уланды: Маңғыстауда кәсіпкер бас бостандығынан айырылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2025
Жазылу
Күдікті 3 жыл мерзімге қоғамдық тамақтану саласында кәсіпкерлік қызметпен айналыса алмайды
АЛМАТЫ, 29 сәуір - Sputnik. Маңғыстау облысында 182 оқушының астан улану фактісіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды өңір соты.
Жеке кәсіпкерге қатысты қылмыстық кодекстің 304-бабының 1-бөлігі "Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша қылмыстық іс Мұнайлы аудандық сотында қаралды.
Прокурор сотталушыны кінәлі деп тануды және оған 3 жыл мерзімге қоғамдық тамақтану саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Ал сотталушы мен оның өкілдері кінәні мойындамауға байланысты толық ақтауды талап етті.
"Сот үкімімен күдікті 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол 3 жыл мерзімге қоғамдық тамақтану саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылған", - дейді ведомство.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске ала кетейік, Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында оқушылар мектеп асханасынан жаппай уланды. Ұлттық сараптама орталығы зертханасының мамандары жоспардан тыс эпидемиологиялық тексеру жүргізді.
Қорытындыға сәйкес, мектеп асханасында санитарлық талап өрескел бұзылған. Оқиға былтыр қыркүйекте болды.
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2024
Маңғыстауда оқушылардың жаппай улануы: 75 бала әлі ауруханада жатыр
Жаңалықтар
0