Астанадағы су қоймасы жарты ғасырдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр
08:36 09.06.2025 (жаңартылды: 08:38 09.06.2025)

© Photo : Предоставлено пресс-службой министерства водных ресурсов и ирригации Казахстана
Жазылу
Жалпы биыл Астана су қоймасынан 50 мың тонна лай шығару жоспарланған
АЛМАТЫ, 9 маусым – Sputnik. Президенттің тапсырмасы бойынша Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр, деп хабарлайды Су ресурстары министрлігі.
Кешенді тазарту жұмысын "Қазсушардың" Ақмола облысындағы филиалы жүргізіп жатыр. Су қоймасын тазартуға арнайы екі техника жұмылдырылған: сағатына 2000 текше метрге дейін түрлі шөгінділерден тазартатын үлкен жерснаряд және қуаты сағатына 900 текше метрге дейін жететін көпфункционалды әрі өздігінен жүретін шағын жерснаряд.

Астана су қоймасын тазалау жұмыстары
© Photo : Предоставлено пресс-службой министерства водных ресурсов и ирригации Казахстана
Жалпы биыл Астана су қоймасынан 50 мың тонна лай шығару жоспарланған. Бұл жұмыстар қазан айының соңына дейін жалғасып, 13 жыл бойы жыл сайын жүргізіледі.

1/4
© Photo : Предоставлено пресс-службой министерства водных ресурсов и ирригации Казахстана
Астана су қоймасын тазалау жұмыстары

2/4
© Photo : Предоставлено пресс-службой министерства водных ресурсов и ирригации Казахстана
Астана су қоймасын тазалау жұмыстары

3/4
© Photo : Предоставлено пресс-службой министерства водных ресурсов и ирригации Казахстана
Астана су қоймасын тазалау жұмыстары

4/4

Нәтижесінде Астана су қоймасының сыйымдылығы 47 млн текше метрге артады. Нысан көбірек су жинап, елорда тұрғындарын сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді.
"Барлық қызметкер арнайы техникамен жұмыс істеу үшін қажетті оқытудан және дайындықтан өтті. Астана су қоймасы - елорданы сумен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын стратегиялық нысан. Заманауи техниканың арқасында біз бұл су қоймасын жарты ғасырдан кейін алғаш рет тазартып, жұмысты жақсы әрі тиімді атқара аламыз", – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Айта кетейік, Астана су қоймасы 1970 жылы пайдалануға берілген. Бүгінде нысанды түбіндегі шөгінділерден тазарту алғаш рет жүргізіліп жатыр.