Сайран су қоймасының бойына 50 бейнебақылау камерасы орнатылды

© Sputnik / Болат ШайхиновБейнебақылау камерасы
Бейнебақылау камерасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2025
Жазылу
Нысанның дайындық деңгейі 90%-дан асты
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Қала әкімі Дархан Сатыбалды Алматының маңызды қоғамдық кеңістіктерінің бірі — Сайран су қоймасын қайта жаңғыртудың соңғы кезеңімен танысты, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Нысанның дайындық деңгейі 90%-дан асты. Негізгі инженерлік және құрылыс жұмыстары аяқталып, көріктендіру, шағын сәулет нысандарын орнату және көгалдандыру қолға алынған.
"Жоба аясында 12 мың текше метр асфальт пен 13 мың текше метр кеспе тас төселді, 563 жарықтандыру бағаны мен шамамен 50 бейнебақылау камерасы орнатылып, жедел хабарлау жүйесі енгізілді. 3 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылып, жағажай аймағына 6,5 мың тонна құм жеткізілді. Құтқару станциялары, полиция пункттері және қоғамдық дәретханалар салынды", - деп жазылған хабарламада.
Әкімдік мәліметіне сәйкес, жоба инклюзивті инфрақұрылымды қамтиды. Мұнда ұзындығы 2,5 км серуен жолы, демалыс пен серуендеуге арналған аймақтар, скейтпарк, велопарк, паркурға арналған алаңдар, футбол және волейбол алаңдары, балалар қалашығы мен ит серуендету аймағы қарастырылған.
Айта кету керек, Сайран су қоймасы 1971 жылдан бері пайдаланылып келеді. Соңғы рет ауқымды көріктендіру жұмыстары 1988-1989 жылдары жүргізілген.
Шанхай - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2025
Шанхай мен Алматы арасында тұрақты рейстер ашылады
Жаңалықтар
0