178 келі тұқы: Бурабайда заңсыз балық аулағандар ұсталды

Бурабай ұлттық паркі аумағында заңсыз балық аулау фактісі анықталды
Бурабай ұлттық паркі аумағында заңсыз балық аулау фактісі анықталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2025
Жазылу
Заңсыз ауланған 178 келі тұқы сол жерде анықталып, тәркіленді
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Бурабай ұлттық паркі аумағында заңсыз балық аулау фактісі анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысының полицейлері заңсыз әрекеттің жолын кесіп, браконьерлерді ұстады.
"7 маусым күні ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері Біржан-Сал аудандық полиция бөлімі мен "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлерімен бірлесіп түнгі рейд жүргізді. Жүкей көлі маңында "ГАЗель" және "Ауди 80" көліктері тоқтатылып, жүк көлігінен резеңке қайықтар мен торлар тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.
Көліктерде болған азаматтар Қарағанды, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласынан келгені анықталды. Заңсыз ауланған 178 келі тұқы сол жерде анықталып, тәркіленді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Подледная рыбалка на Капчагайском водохранилище - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2025
Атырау облысында балық қырылып қалды
Жаңалықтар
0