10 млн теңгеден астам шығын: Ақтөбе облысында жалған блогер қамауға алынды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2025
Жазылу
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысында азаматтарды алдаған жалған блогер қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Мұғалжар аудандық полиция бөліміне бірнеше жергілікті тұрғын алаяқтық фактісі бойынша арызданған.
Тексеру нәтижесінде 2024 жылдың соңында өзін блогер ретінде көрсеткен аудан орталығының 35 жастағы тұрғыны төрт азаматты алдап, ақшасын иемденгені анықталды.
"Күдікті жәбірленушілердің біріне — балабақшаға жұмысқа орналастыруды, екіншісіне — жүргізуші куәлігін алуға жәрдемдесуді, сондай-ақ тендерді жеңіп беруді уәде еткен. Төрт жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын 10 миллион теңгеден асты", - деп жазылған хабарламада.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тәртіп сақшылары осы азаматтың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен басқа да тұлғалардан Мұғалжар аудандық полиция бөліміне хабарласуды сұрайды.
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2025
Шымкентте мұғалімді бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды
Жаңалықтар
0