Шымкентте мұғалімді бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды

© Photo : Pexels / Tima MiroshnichenkoНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2025
Жазылу
Күдікті өзінің медиада танымалдылығын пайдаланып, жағымсыз ақпаратты жариялаймын деп қорқытып, 1,2 миллион теңге талап еткен
АЛМАТЫ, 21 сәуір – Sputnik. Шымкентте мұғалімді қорқытып, ірі көлемде ақша сұраған деген күдікпен блогер ұсталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Ведомствоның мәліметінше, қала мектептерінің бірінің өкілі полицияға арыз жазған.
"Күдікті өзінің медиада танымалдылығын пайдаланып, жағымсыз ақпаратты жариялаймын деп қорқытып, 1,2 миллион теңге талап еткен", - дейді қалалық полиция департаменті.
Блогер ұсталып, қамауға алынған. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2025
"Әлеуметтік желіге жариялаймын": кәсіпкерді бопсалаған блогер ұсталды
Жаңалықтар
0