Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауады - Қазгидромет

© Sputnik/Ертай СарбасовҚазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауады - қазгидромет
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауады - қазгидромет - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2025
Жазылу
Республика бойынша да жел күшейеді деп күтіліп отыр
АСТАНА, 8 маусым - Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлады "Қазгидромет".
Республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша да жел күшейеді деп күтілуде. Оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Тек еліміздің орталығы мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +33+35°C.
Алматыда құбылмалы бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 3-8 м/с, найзағай кезінде екпіні 15 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +27+29°C.
Астанада күн құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, жел 9-14 м/с, екпіні 15-18 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +19+21°C.
8 маусымда Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды.
Град в Боровом - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2025
Жаңбыр, бұршақ және найзағай - 11 мамырда ауа райы қандай болады
Жаңалықтар
0