https://sputnik.kz/20250511/zhanbyr-burshaq-zhane-nayzagay---11-mamyrda-aua-rayy-qanday-bolady--53437458.html
Жаңбыр, бұршақ және найзағай - 11 мамырда ауа райы қандай болады
Жаңбыр, бұршақ және найзағай - 11 мамырда ауа райы қандай болады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 мамыр - Sputnik. "Қазгидромет" еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарялады. 11.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-11T09:11+0500
2025-05-11T09:11+0500
2025-05-11T09:15+0500
ауа райы
https://sputnik.kz/img/07e5/08/16/17922772_0:335:1199:1009_1920x0_80_0_0_8ed4181049f9cb493a5a8be055cb9dfc.jpg
АСТАНА, 11 мамыр - Sputnik. "Қазгидромет" еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарялады. Қазгидрометтің хабарлауынша, жексенбі күні Астана мен барлық облыста жаңбыр, найзағай және кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Жетісу, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында қатты жел соғып, күн күркірейді. Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында шаңды дауыл мен жоғары өрт қаупі сақталады. Көптеген аймақтарда желдің екпіні 15–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар, бірқатар өңірде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі деп болжанған. Елдің оңтүстігінде (Түркістан, Қызылорда, Жамбыл) және батысында (Атырау, Маңғыстау) төтенше өрт қаупі сақталып отыр.️Астанада көшпелі бұлт, жаңбыр, күн күркірейді, бұршақ жауады, ауа температурасы түнде +10-12 °C, күндіз +18-20 °C болады. ️Алматыда көшпелі бұлт, жаңбыр, күн күркірейді, ауа температурасы түнде +14–16 °C, күндіз +22-24 °C болады. ️Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, ауа температурасы - түнде +15-17 °C, күндіз +30-32 °C.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/16/17922772_0:223:1199:1122_1920x0_80_0_0_a18bcb18c12641d5b6f4293f895f78cc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауа райы
Жаңбыр, бұршақ және найзағай - 11 мамырда ауа райы қандай болады
09:11 11.05.2025 (жаңартылды: 09:15 11.05.2025) АСТАНА, 11 мамыр - Sputnik. "Қазгидромет" еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарялады.
Қазгидрометтің хабарлауынша, жексенбі күні Астана мен барлық облыста жаңбыр, найзағай және кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Жетісу, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында қатты жел соғып, күн күркірейді. Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында шаңды дауыл мен жоғары өрт қаупі сақталады. Көптеген аймақтарда желдің екпіні 15–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар, бірқатар өңірде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі деп болжанған. Елдің оңтүстігінде (Түркістан, Қызылорда, Жамбыл) және батысында (Атырау, Маңғыстау) төтенше өрт қаупі сақталып отыр.
️Астанада көшпелі бұлт, жаңбыр, күн күркірейді, бұршақ жауады, ауа температурасы түнде +10-12 °C, күндіз +18-20 °C болады.
️Алматыда көшпелі бұлт, жаңбыр, күн күркірейді, ауа температурасы түнде +14–16 °C, күндіз +22-24 °C болады.
️Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, ауа температурасы - түнде +15-17 °C, күндіз +30-32 °C.