https://sputnik.kz/20250607/shaqyrganda-kelmeydi-ministrlik-askerge-kosheden-ustap-alyp-zhetkizu-turaly-tusindirdi--54384818.html
"Шақырғанда келмейді": министрлік әскерге мәжбүрлі түрде алып кету әрекетін түсіндірді
"Шақырғанда келмейді": министрлік әскерге мәжбүрлі түрде алып кету әрекетін түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Министрліктің айтуынша рейд кезінде кейбір азаматтар полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсетеді 07.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-07T17:26+0500
2025-06-07T17:26+0500
2025-06-07T17:39+0500
қорғаныс министрлігі
әскери қызметке шақыру
https://sputnik.kz/img/07e7/09/1d/38887842_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_3912ce6618da314c66ea7491d0a4aa86.jpg
АСТАНА, 7 маусым - Sputnik. БАҚ пен әлеуметтік желілерде әскерге шақыру жасындағы азаматтарды мәжбүрлі түрде ұстап, жергілікті әскери басқару органдарына жеткізу туралы бейнематериалдардың таралуы бойынша қорғаныс министрлігі түсіндірді. Министрліктің айтуынша рейд кезінде кейбір азаматтар полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсетеді, бұл олардың мәжбүрлі түрде жеткізілуіне себеп болады. "Шақыру пункттерінде азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақырылу негіздері бар-жоғы анықталады. Егер негіздер болмаса – азамат үйіне қайтарылады. Ал негіз болған жағдайда – медициналық тексеруден өтіп, әрі қарайғы шақыру шараларынан өтеді", - дейді министрлік.Айта кету керек, мерзімді әскери қызметтен жалтарғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Осыған байланысты министрлік азаматтарды қолданыстағы заң талаптарын сақтауға және жалған ақпарат таратпауға шақырады.
https://sputnik.kz/20250227/zhastar-askerge-dayyn-emes-senator-tagy-bir-manyzdy-sebepti-atady-51205291.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/1d/38887842_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_09f457845b8f1d8612284fa51aedc6bd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қорғаныс министрлігі, әскери қызметке шақыру
қорғаныс министрлігі, әскери қызметке шақыру
"Шақырғанда келмейді": министрлік әскерге мәжбүрлі түрде алып кету әрекетін түсіндірді
17:26 07.06.2025 (жаңартылды: 17:39 07.06.2025) Министрліктің айтуынша рейд кезінде кейбір азаматтар полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсетеді
АСТАНА, 7 маусым - Sputnik. БАҚ пен әлеуметтік желілерде әскерге шақыру жасындағы азаматтарды мәжбүрлі түрде ұстап, жергілікті әскери басқару органдарына жеткізу туралы бейнематериалдардың таралуы бойынша
қорғаныс министрлігі түсіндірді.
"Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жыл сайын заңнамаға сәйкес жүргізіледі. Алайда шақыру науқаны барысында кейбір азаматтардың әскери қызметтен жалтаруы немесе заң бойынша келу талабын уақытылы орындамауы сияқты қиындықтар туындайды. Егер шақыру қағазын азаматқа жеке табыстау мүмкін болмаса, оны жеткізуді ішкі істер органдары жүзеге асырады", - делінген хабарламада.
Министрліктің айтуынша рейд кезінде кейбір азаматтар полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсетеді, бұл олардың мәжбүрлі түрде жеткізілуіне себеп болады.
"Шақыру пункттерінде азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақырылу негіздері бар-жоғы анықталады. Егер негіздер болмаса – азамат үйіне қайтарылады. Ал негіз болған жағдайда – медициналық тексеруден өтіп, әрі қарайғы шақыру шараларынан өтеді", - дейді министрлік.
Айта кету керек, мерзімді әскери қызметтен жалтарғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Осыған байланысты министрлік азаматтарды қолданыстағы заң талаптарын сақтауға және жалған ақпарат таратпауға шақырады.