Отандық тыңайтқыштардың жалпы көлемі 4 миллион тоннаға дейін ұлғайтылады

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуОтандық тыңайтқыштардың жалпы көлемі 4 миллион тоннаға дейін ұлғайтылады
Отандық тыңайтқыштардың жалпы көлемі  4 миллион тоннаға дейін ұлғайтылады    - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2025
Жазылу
2030 жылға қарай жергілікті шаруалар азот, фосфор, калий сияқты отандық тыңайтқыштардың негізгі түрлерімен толық қамтамасыз етіледі
АСТАНА, 7 маусым - Sputnik. Бүгінде Қазақстанда химия өнеркәсібін дамытуға, сұранысқа ие өнімдерді жасауға бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатыр. Негізгі екпін химиялық өнімдердің ауқымды және стратегиялық маңызды түрлеріне аударылады, - дейді өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
"Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде агрохимиялық сала маңызды орын алады. Негізгі стратегиялық міндеттердің бірі – 2030 жылға қарай жергілікті шаруаларды азот, фосфор, калий сияқты отандық тыңайтқыштардың негізгі түрлерімен толық қамтамасыз ету", - делінген хабарламада.
Осылайша, 2032 жылға қарай ескі жобаларды қайта жаңғырту және жаңа жобаларды жүзеге асыру есебінен тыңайтқыштардың жалпы көлемі 4 миллион тоннаға дейін жеткізіледі.
"Карбамид, калий хлориді және дикальций фосфаты сияқты тыңайтқыштардың жаңа түрлерін шығару жоспарлануда. Еліміздің фосфориттер, калий тұзы, барит, күкірт, мұнай, газ және т.б. есебінен бай шикізат әлеуетін ескерсек, еліміздің химия өнеркәсібін дамытудың келешегі қолайлы", - дейді минисрлік.
Түйіршіктелген тыңайтқыш - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2025
Түркістанда 140 млрд теңгеге тыңайтқыш зауыты салынады
Жаңалықтар
0