https://sputnik.kz/20250319/turkistanda-140-mlrd-tengege-tynaytqysh-zauyty-salynady-51732120.html
Түркістанда 140 млрд теңгеге тыңайтқыш зауыты салынады
Түркістанда 140 млрд теңгеге тыңайтқыш зауыты салынады
Sputnik Қазақстан
Зауыт құрылысы Қытай тарапының көмегімен жүргізіледі 19.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-19T08:29+0500
2025-03-19T08:29+0500
2025-03-19T08:29+0500
зауыт
түркістан облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/09/0c/38379743_0:2:1921:1082_1920x0_80_0_0_5b684028b0fff83435f445c51b8ec18a.jpg
АСТАНА, 19 наурыз - Sputnik. Қазақстандық Souths-Oil компаниясы қытайлық China Tianchen Engineering Corporation LTD компаниясымен бірлесіп, Түркістан облысында құрамында фосфор бар тыңайтқыштар шығаратын зауыт салу жобасын жүзеге асыруда, деп хабарлайды "APK жаңалықтары" агенттігі.Өндіріс орны тыңайтқыштар өндіру үшін фосфор қалдықтарын өңдеуді жоспарлап отыр. Жобаның құны 140 млрд теңгені құрайды. Қуаттылығы – жылына 1 млн тонна азот-фосфор-калий тыңайтқыштары мен 600 мың тонна фосфор селитрасы.Түркістан облысы әкімдігінде хабарлағандай, зауыттың құрылысы басталды. Бір күн бұрын кәсіпорын басшылары зауыттың капсуласын салды.Аймақ басшысы айтқандай, жаңа зауыт сырттан әкелінетін құрамында фосфоры бар тыңайтқыштарға тәуелділікті азайтып, елдегі азық-түлік бағасының тұрақталуына оң әсерін тигізеді.Өндіріс орны 2027 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Өнім ішкі нарықта сатылып, Үндістанға, Қытайға және басқа елдерге экспортталады.
https://sputnik.kz/20250316/urzharda-zhana-zauyt-salynyp-zhatyr-51647332.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/0c/38379743_157:0:1600:1082_1920x0_80_0_0_a6f45a72ec9ba6fe8a7dac86b3f9dcac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зауыт, түркістан облысы
Түркістанда 140 млрд теңгеге тыңайтқыш зауыты салынады
Зауыт құрылысы Қытай тарапының көмегімен жүргізіледі
АСТАНА, 19 наурыз - Sputnik. Қазақстандық Souths-Oil компаниясы қытайлық China Tianchen Engineering Corporation LTD компаниясымен бірлесіп, Түркістан облысында құрамында фосфор бар тыңайтқыштар шығаратын зауыт салу жобасын жүзеге асыруда, деп хабарлайды
"APK жаңалықтары" агенттігі.
Өндіріс орны тыңайтқыштар өндіру үшін фосфор қалдықтарын өңдеуді жоспарлап отыр. Жобаның құны 140 млрд теңгені құрайды. Қуаттылығы – жылына 1 млн тонна азот-фосфор-калий тыңайтқыштары мен 600 мың тонна фосфор селитрасы.
Түркістан облысы әкімдігінде хабарлағандай, зауыттың құрылысы басталды. Бір күн бұрын кәсіпорын басшылары зауыттың капсуласын салды.
Аймақ басшысы айтқандай, жаңа зауыт сырттан әкелінетін құрамында фосфоры бар тыңайтқыштарға тәуелділікті азайтып, елдегі азық-түлік бағасының тұрақталуына оң әсерін тигізеді.
Өндіріс орны 2027 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Өнім ішкі нарықта сатылып, Үндістанға, Қытайға және басқа елдерге экспортталады.