https://sputnik.kz/20250316/urzharda-zhana-zauyt-salynyp-zhatyr-51647332.html
Үржарда жаңа зауыт салынып жатыр
Үржарда жаңа зауыт салынып жатыр
Sputnik Қазақстан
Зауыт іске қосылғанда тәулігіне 500 тонна шикізат өңделеді 16.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-16T19:13+0500
2025-03-16T19:13+0500
2025-03-16T19:13+0500
зауыт
әкімдік
https://sputnik.kz/img/07e9/03/10/51647170_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_d0369f4ce338c1f65c4d55a730bd6e72.jpg.webp
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Абай облысындағы Үржар ауданында майлы дақылдарды өңдейтін жаңа зауыттың негізгі блогын салу жұмысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық әкімдікке сілтеме жасап.Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли жұмыс сапары барысында майлы дақылдарды өңдейтін май зауытының құрылысымен танысты.Зауыт іске қосылғанда тәулігіне 500 тонна шикізат өңделеді. Жобаның қазіргі құны — 1,5 миллиард теңге.Ал облыс әкімі Үржардың негізгі проблемасын атады. Уәлидің айтуынша, жазда туристер көбейгенде жанармай тапшылығы байқалады. Алдағы уақытта тағы бір жанар-жағармай құю станциясы салынады.
https://sputnik.kz/20250315/abay-oblysynda-qar-qursauynan-27-adam-qutqaryldy-51625307.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/10/51647170_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_50f1f19f2931e88a38ac4548b78620b3.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зауыт, әкімдік
Үржарда жаңа зауыт салынып жатыр
Зауыт іске қосылғанда тәулігіне 500 тонна шикізат өңделеді
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Абай облысындағы Үржар ауданында майлы дақылдарды өңдейтін жаңа зауыттың негізгі блогын салу жұмысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
облыстық әкімдікке сілтеме жасап.
Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли жұмыс сапары барысында майлы дақылдарды өңдейтін май зауытының құрылысымен танысты.
"Жеке инвестор есебінен салынып жатқан нысанның құрылысы былтыр күзде басталған. Кеңсе ғимараты мен жұмысшыларға арналған жатақхана салынған. Қазіргі таңда май өңдеу блогының құрылысы жүргізіліп жатыр", - делінген ресми хабарламада.
Зауыт іске қосылғанда тәулігіне 500 тонна шикізат өңделеді. Жобаның қазіргі құны — 1,5 миллиард теңге.
Ал облыс әкімі Үржардың негізгі проблемасын атады. Уәлидің айтуынша, жазда туристер көбейгенде жанармай тапшылығы байқалады. Алдағы уақытта тағы бір жанар-жағармай құю станциясы салынады.
"Аталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аудан үшін тиімді болары анық. Жаңа жұмыс орындары құрылады, қызмет көрсету сапасы да артады", - деді аймақ басшысы.