Абай облысында қар құрсауынан 70-тен астам көлік шығарылды

© Photo : ДЧС г. Нур-СултанаСнежный занос
Снежный занос - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 15 наурыз– Sputnik. Абай облысында қар құрсауынан 27 адам құтқарылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Республикалық маңызы бар "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха- РФ шкарасы" жолының жабық учаскесінде Аягөз қаласы мен Таскескен ауылы арасында автокөліктер шоғырланып қалды.
"Төтенше жағдайлар министрлігі, "ҚазАвтоЖол" компаниясы және жерілікті атқарушы органдардың күштерімен қар құрсауынан 43 жүк және 30 жеңіл көліктері шығарылды. Сонымен қатар, құтқарушылар қар құрсауында қалған автокөліктерден 27 адамды, оның ішінде 7 баланы жақын маңдағы елді мекенге эвакуациялады", - делінген хабарламада.
Құтқарушылардың хабарлауынша, медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.
Алматыдағы қар көшкіні - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2025
Шығыс Қазақстанда бірінен соң бірі қар көшкіні жүрді
Жаңалықтар
0