Маңғыстау облысында 12 құрылыс компаниясының қызметі тоқтатылды

© Photo : СС0 / Capri23autoПодъемный кран
Подъемный кран - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2025
Жазылу
Жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Маңғыстау облысында 12 құрылыс компаниясының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыс прокуратурасының сайты.
Прокуратура құрылыс саласында лицензия берудің заңдылығына талдау жүргізді. Нәтижесінде 12 құрылыс компаниясы заңсыз рұқсат алғаны анықталды.
"Оларды алу үшін құрылыс салушылардың барлығы бір меншік иелерінен жалға алынған өндірістік базаларды пайдаланғаны, сонымен қатар өтінімдерде бірдей инженерлік-техникалық қызметкерлерді жариялағаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Тексеру нәтижесінде 12 мекеменің барлығы әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
Анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін компаниялардың қызметі тоқтатылды.
Виды Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2025
Астанада құрылыс компаниясының басшысына халықаралық іздеу жарияланды
Жаңалықтар
0