Астанада құрылыс компаниясының басшысына халықаралық іздеу жарияланды

© Sputnik / Владислав Воднев
Жазылу
Ол бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті "Samruk-Kazyna Construction" АҚ басқарушы директоры мен "Дорстройтрест" ЖШС басшысына қатысты тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Астанадағы аяқталмай қалған тұрғын үй кешені
© Photo : Предоставлено Агентством по финансовому мониторингу Казахстана
Олар "Көк-Төбе" көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
"2022 жылғы қаңтарда "Samruk-Kazyna Construction" АҚ мен "Дорстройтрест" ЖШС арасында құрылысқа инвестиция салу туралы келісімшарт жасалып, 2,6 млрд теңге көлемінде аванс төленген", - деп жазылған агенттік хабарламасында.
Алайда құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталмаған және өрескел заң бұзушылықтарға жол берілген. Ал аванс күдіктілер тарапынан құрылысқа қатысы жоқ қарыздарды өтеуге және автокөлік сатып алуға жұмсалған.
Сонымен қатар 650 млн теңге жалған шарттар арқылы компаниялардың шоттарына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған.

1/4
© Photo : Предоставлено Агентством по финансовому мониторингу Казахстана
Астанадағы аяқталмай қалған тұрғын үй кешені

2/4

3/4

4/4

Қылмыстық жолмен алынған кіріске 23 млн теңге тұратын екі автокөлік сатып алынып, оларды тәркілеуден жасыру мақсатында сенімді адамдардың атына рәсімделген.
Сот санкциясымен күдіктілердің 170 млн теңге тұратын барлық мүлкіне – 5 автокөлік пен Астанадағы пәтерге тыйым салынды.
Күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
"Samruk-Kazyna Construction" АҚ-ның бұрынғы басқарушы директорына халықаралық іздеу жарияланды.